24 Сәуір, 2024 NEWS
Фото: primeminister.kz
Батыс өңірде Ресей Федерациясының Ириклин су қоймасынан судың келуіне байланысты, сондай-ақ Жайық өзеніне құйылар сағадағы ірі тасқын мен су деңгейінің көтерілуі салдарынан жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектеновтың Атырау облысына жасаған сапары барысында белгілі болды.
Соңғы тәулікте БҚО тарапынан келетін судың әсерінен Атырау қаласында су деңгейі 6 см-ге көтерілген. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілуі 227 см-ді құрады.
Облыстағы қауіпті аймаққа Жарсуат және Құрылыс елді мекендері кіреді, бұл аумақта 10,5 км бөгет орналасқан. Қазіргі уақытта бұл аумақта арнайы техникалар арқылы бөгеттер тұрғызылған. Сондай-ақ су басу қаупі бар Индербор, Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене, Өрлік және Ынтымақ ауылдарында бөгеттер көтеріліп жатыр. Жағалауды нығайту жұмыстары Индер, Махамбет, Исатай және Құрманғазы аудандарында жүргізілуде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір