14 Ақпан, 2018 NEWS
14 ақпанда Қазақстанда қар жауып, көктайғақ болады
Қазгидромет 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, оңтүстіктегі кей аймақтарда қатты желдің күшеюі күтіліп, бұрқасын, тұман, көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақтан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-30 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір