16 Мамыр, 2012 Ұлы көш
Жанар Сағатқызы
Жанар Сағатқызы Үрімжіде туылған. Мектепті Пекинде тәмамдаған. 1987 жылы Пекин театр институтына оқуға түскен ол бір жылдан кейін Мәскеудің мемлекеттік кино...
Жанар Сағатқызы Үрімжіде туылған. Мектепті Пекинде тәмамдаған. 1987 жылы Пекин театр институтына оқуға түскен ол бір жылдан кейін Мәскеудің мемлекеттік кино институтының режиссер мамандығына оқуға аттанады. Мәскеуде институт бітірер кезде дипломдық жұмыс ретінде түсірген «Аптаның сегізінші күні» деген фильмі кино мерекесінің үздік авторлық сыйлығын еншілейді. Ресей мен Италия бірлесіп жасаған «Аюдың досы – Джонатан» деген фильмде қосалқы рөлге, Ресейдің «Будда аруағының оралуы» атты фильмінде басты рөлде ойнап, үздік өнерімен көзге түседі. Зеректігі, білімділігі, қытай, орыс тілдерінде еркін сөйлейтін таланттылығымен Ресейдің «Мир» халықаралық телеарнасында диктор болып жұмыс істейді. Мәскеуде 9 жыл оқып, режиссерлік мамандықтың қыры мен сырын әбден меңгерген қазақ қызы Жанар Қытайға барғанда үлкен сұранысқа ие болады. Островскийдің «Құрыш қалай шынықты» романының негізінде жасалған фильмді Украинада 270 күн түсіреді. 20 сериалды аталмыш фильм Қытайда үлкен қызығушылық туғызады. Мұнымен қоса, «Қызыл шие», «Қызыл ғашықтар», «Кешкен күндер», «Күнбағыс таланы», «Республика қарсаңы», «Қала кеңістігінде шошынған құс», «Әскери кісінің құпиясы», «Алыс кеткен ертеңгі күн» секілді мемлекеттік деңгейде түсірілген фильмдердің режиссері, атқарушы режиссері, қосалқы режиссері болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір