21 Тамыз, 2014 Айтты-ей, бауырың!
Қазақша сөйлесе министр мен әкімнің миларына зақым келе ме?
Кеше Алматыда ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясы өткенін көрдім теледидардан. Жиында еліміздің бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов мырза орысша баяндама жасады....
Кеше Алматыда ұстаздардың дәстүрлі тамыз конференциясы өткенін көрдім теледидардан. Жиында еліміздің бас ұстазы Аслан Сәрінжіпов мырза орысша баяндама жасады. Ол баяндамасын оқи бастағанда "Әй, орысқұл, баяндамаңды неге қазақша жасамайсың?" дегендей жарық сөніп қалды да, министр қараңғылықта қалып қойды. Бұл Алланың ескертуі шығар! Содан кейін сөз алған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов те тек орысша гәпірді. Білім министрін қоштап-қолпаштамақ болған әкімнің сөзін де техникалық ақау бөліп жіберді.Оған да "Әй, жетесіз, сен неге қазақша сөйлемейсің?" деп ескерткені болар!.. Ал мәслихатқа жиналғандардың басым көпшілігі қазақтар. Ендеше неге әкім мен министр орысша сөйлейді? Осыны түсіне алмай-ақ қойдым! Ау, қазақ тілі мемлекеттік тіл емес пе? Қазақ тілінде баяндама жасап, қазақша сөйлесе, миларына зақым келе ме? Ал біз тағы бір мәрте жер болдық, қорландық! Бұл жаман үрдіс қашанға дейін жалғасады екен? Тәуелсіз Қазақ елінің министрлері мен әкімдері қашан қазақ тілінде баяндама жасап, қазақша сөйлейді екен? Бұл болмайды! Не істеу керек?
Думан Рамазанның әлеуметтік желідегі парақшасынан.
“Қамшы” сілтейді
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір