• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 19:20:16
Алматы
+12°

29 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

2017 жылы қара пиар арқылы танылғандар

Келесі жылы осындай қыздарымыздың  етектері ұзарып, қарасы азайса екен деген тілегіміз бар.

Қазіргі заман техика мен әлеуметтік желінің дамыған заманы. Қазіргі қоғамда, әсіресе, жастар уақытының көп бөлігін әлеуметтік желіге жұмсайды.  Қоғамдағы жаңалықтар, өзекті мәселелердің бәрін осы әлеуметтік желі арқылы біліп отыратын болдық. Әлеуметтік желі біреуді құзға лақтырса, біреуді құздан биікке шығаратын деңгейге жетті. Желі арқылы танымал болып, халықтың аузынан түспейтін жандар да аз емес. Олар ешқандай еңбексіз халық арасында  танымал болғандар десек артық айтпаған болармыз.

Иә, қазіргі заманда  ешқандай еңбесіз танылуға болады. Бір жылда емес, бір айда емес, тіпті бір апта да емес бір күнде-ақ  халықтың назарына ілігіп, бүкіл елге танымал болатын   заман туды. Qamshy.kz ақпарат  агенттігінің тілшісі ешқандай еңбексіз халықтың аузынан түспейтін әлеуметтік желі жұлдыздарын оқырман назарына ұсынбақ.

Динара Рахимова

Динара

Қазақстандық Барби атағына ие болған бірінші бойжеткен. Небәрі 22 жастағы бойжеткеннің әлеуметтік желіде жұлдызы жанып тұр. Былтырғы жылы отандық тілші «Қазақстандық Барби» деп лақап ат беріп, әлеуметтік желіде таратып жіберген екен.Осыдан кейін Динараның әлеуметтік желіде жұлдызға айналды. Динараның суретіне қарасаңыз қуыршаққа қарағандай боласыз. Бет пішіні, үлкейтілген еріндері Барби қуыршағынан аумайды. Динара жалаңаш суретін жариялаумен де әлеуметтік желіде жұлдыз болған. Ең қызығы Динара әлеуметтік желіге суреттерін анасы мен сіңлісі үшін салады екен-мыс.

Замира Сұлтан

Замира

Қалаулым бағдарламасы арқылы елге танылған бойжеткен. Қалаулым көрмейтін жанда Замираның атын жұрттың аузынан естіп жүрген болар. Замира тікелей эфир алдында ерсі қылықтарымен, елге жағымсыз әрекеттерімен танымал болған.Замира әлеуметтік желіде  жалаңаш суретін салмағанымен,  эфирде балағат сөздер айтуымен танымал болған. Тікелей эфирде түрлі қазақ қызына тән емес әрекеттер  жасайды. Эфир алдында ер балалармен жаға жыртысуға дейін барған болатын. Балағат сөзді еш қысылмастан айта беретін Замираның бұл әрекеті  халықтың ашуын тудырды. Замираны көріп қазақ қызы осындай арсыз ба еді деген ойға қаласың.

Айжан Байзакова

Айжан

Бұл есімді естімеген қазақстандық жоқ шығар. Айжан Байзакова Азамат Сатыбалдының «Бір сен үшін» киносында басты рөлді сомдаған. Осыдан кейін Айжан әлеуметтік желіде танымал бола бастады. Айжан әлеуметтік желіде өзінің ашық-шашық киінген суретін салғаннан кейін оқырмандары  сағаттап көбейе бастаған. «Дәніккеннен құныққан жаман» деушіме еді қазақта. Оқырман санының көбейгеніне мастанған Айжан жалаңаш суреттерін салуды көбейтті. Уақыт өте келе Айжан әлеуметтік желіде оқырмандары көп адамдардың қатарына кірді. Қанша еңбектенсе де өз оқырмандарын таба алмай жүрген жандардың алдын Айжан жалаңаш түскен суреттерімен орап кетті. Арзан тірлігімен елге танылған Айжан өз тірлігіне еш өкінбейтін секілді.

Қазіргі заманда осындай ерсі әрекеттермен елге танылған азаматтар мен азаматшалар көбейіп кетті. Бір ақсақал  сөзінде: «Өтірік ғұмыр кешуді өмір сүрудің негізгі тірегіне айналдырып алған бүгінгі қитұрқы адамдардың айнымас құбылысын көріп жүрегің айниды. Басының бағы үшін ар-ұятын саудаға салып жағымпаздықтың жарапазанын айтып жүрген жасампаздарды көргенде «апыр-ай, жұмыр жер неге жыртылып кетпей шыдап тұр» деген ойға қаласың. Құлағын сатқандардан Құдай атқандардың сүлдесін көріп сасқанымнан күңіренем де күрсінем”, – деп еді.

Қазіргі қоғам керекке жарамайтындарды керек қылған, жылтырларды шешен қылған заман болды. Заман талабына солай екен деп арымызды саудалап, намысымызды аяққа таптап, тайраңдап жүргендер қаншама...

2017 жылы осындай қара пиармен, ешқандай еңбексіз халыққа танылғандар жетерлік. Келесі жылы осындай қыздарымыздың  етектері ұзарып, қарасы азайса екен деген тілегіміз бар.

Дайындаған: Ақнұр МҰХТАРХАН

Aknur Mukhtarkhan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір