• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 20:11:31
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2017 Фото-баян

КХДР-дан қашқан қыздар Оңтүстік Кореяға келіп шындықты айтудан қорықпады

«Саған асықпын» деп аталатын бағдарлама КХДР-дан қашып шыққан кәрістердің өткен өмірлерін, бастан өткен оқиғаларын, көрген қиындықтары мен тартқан...

«Саған асықпын» деп аталатын бағдарлама КХДР-дан қашып шыққан кәрістердің өткен өмірлерін, бастан өткен оқиғаларын, көрген қиындықтары мен тартқан азаптары, өзекті өртеген өкініштері мен қуаныштары жайлы баяндайтын реалити-шоу деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

1990-шы жылдардан бастап Солтүстік Кореяның 23000 тұрғыны оңтүстікке қашып келген екен. «Саған асықпын» шоуының мақсаты екі елдің өмірін салыстыру, көрерменге ой салу. Бүгінде КХДР-дың 15 тұрғыны аталмыш бағдарламаның кейіпкеріне айналып үлгерді. Шоуға түскен әрбір азамат Кореяда танымалдылыққа ие.

Джу Чаньянг – Солтүстік Кореяның бұрынғы азаматы. Ол диктаторлық тәртіпте өмір сүретін елінен қашып шығу үшін темекі мен шұлықты сатуға мәжбүр болған.  Ол 3000 км. шақырымды «ұсталынып қаламын» деген қорқыныш-үреймен жүріп өткен. Бүгінде ол көк жәшіктің жұлдызы. Оны көру үшін мыңдаған жанкүйер Сеулдің көшелерінде жиналып, күтіп тұрады екен. Джу Чаньянг есімді кейіпкер реалити-шоуға 2012 жылдан бастап қатысып келеді. Ол жүздеген эпизодқа түсіп үлгерген. Елдегі танымалдылығына қарамастан, ол өзінің қарапайым қыз ретінде сезінеді екен. Өзінің айтуынша, қарапайым бірақ телевидение үшін аса көрікті емес қыз.  «Мен өзімді керемет актрисамын деп ойламаймын. Оңтүстік Корея жастары КХДР-дағы өмірге қызыға бастағандарына қуаныштымын. Уақыт өте келе, бәріміз бір халық екенімізді түсінеміз деген үміттемін» дейді Джу.

Ара Ким болса театр колледжін бітіріп, Ким Чен Ын үшін өнер көрсететін құпия музыкалық топтың мүшесі болған қыз.  

«Саған асықпын» шоуының сюжеті бойынша кейіпкер қыздар өз Отандарында қалай қиналғандарын, КХДР-да екінің бірі пластикалық ота жасағысы келетіндіктерін, ер адамдар әйел адамдармен емін-еркін сөйлесуге құлықты еместіктерін, қоғамдағы біртүрлі түсінік пен ережелер жайында айтып берулері тиіс.

Су Рейон есімді кейіпкер анасы қайтыс болғанда табытқа ақша таппағандықтан анасының денесін көрпеге орап жер қойнына тапсырғандығын айтып берді.

«Ким Ир Сен қайтыс болғанда оның ұлы кесене тұрғызу үшін миллиондаған доллар жұмсады. Ал бізде жай табытқа ақша болған жоқ. Мұның бәрі әділетсіздік» дейді Су Рейон.

Дайындаған: Жазира Байдалы

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір