• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 02:04:54
Алматы
+35°

03 Мамыр, 2017 Саясат

Белоруссияда қораның өзі президенттің рұқсатымен сатылмақ

Александр Лукашенко жекешелендіруге ресми қарсы тұрғанымен, оның қол астындағы билік жақын уақыт аралығында жекешеленуі тиіс   10 мемлекеттік...

Александр Лукашенко жекешелендіруге ресми қарсы тұрғанымен, оның қол астындағы билік жақын уақыт аралығында жекешеленуі тиіс   10 мемлекеттік активтер тізімін құрастыруды бастап кетті. Әйтпеген жағдайда Белоруссияның әлемдік валюта қорынан кредит ала алмасы анық.

21 сәуірде парламент пен халыққа жасаған жолдауында, Александр Лукашенко бұрынғы баяндамасын қайталай отырып, мемлекеттің экономикадағы сауда реформасына бара алмай отырғанын айтып өтті.

«Сіздерге қарапайым тілмен айтсам, жолдастар, ешқандай реформаға, жекешелендіруге, үміттенбеңіздер. Ертең  біз көрші елдердегідей  билікті таратып, бәрін бөлісетінімізге және  әрбіріміз халықтың мүлкіне  қол сұғатынымызға үміттенбеңіздер. Мен президенттік орында отырған кезде бұған жол бермеймін»,-деді ол.

Бұл мәселеге Белоруссия  басшысының үзілді-кесілді қарсылығы бұрыннан анық.

Оның «қораның өзі  жекелерге тек менің рұқсатыммен сатылады» деген сөзі қанатты сөзге айналып үлгерді.

Бүгінгі әлемдік банктің ақпарынша, Белоруссия өндірісінің 85 пайызы мемлекеттің қолында.

Алайда 2014 жылдың соңында Белоруссия экономикасы дағдарысқа түскен болатын,және сыртқы қарыздардың әсерінен тұрақсызданған.

Сонымен бірге 2017 жылы Белоруссияның ішкі және  сыртқы қарыздарының жалпы көлемі 3,6 млрд . долларды құрау керек болған.Бұл жағдайда Ресей  Белоруссияның берешегін  800млн. доллар көлемінде   қайта қаржыландыруға және оларға 1млрд. доллар мемлекетаралық қаржы беруге келіскен болатын.

Ресми түрде Минск 2015 жылдан бастап әлемдік банкпен серіктестікте экономиканы реформалау  «жол картасын» дайындап келеді. Әлемдік валюта қорымен келісім тек 2016 жылдың қазанына дейін жетті, алайда Александр Лукашенко оған үзілді кесілді қарсылық білдіріп , «бұл тұншықтыруға бағытталған» деген мәлімдеме жасады.

24 сәуірде «БелаПАН» ақпараттық агенттігі хабарлағандай, белорусс билігінің әлемдік валюта қорымен  келісім шарт жасауға дайындалып, мемлекеттік кәсіпорындар қатарын  жекешелендіруді қарастыруда.

Ендігі кезекте, сатылым алдындағы дайындыққа қатысты 10 активтер тізіміне келісім-шарт  жасасу қажет.

Жаңа кредиттік бағдарлама жайында  Вашингтонда әлемдік валюта қорының жетекшілігімен болып  өткен келіссөзде  белорусс делегациясы келісімге қол қойған болатын.

Делегация құрамында Ұлттық банк және қаржы министрлігімен экономика министрлігінің жетекші қызметкерлері болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір