04 Мамыр, 2017 Саясат
АҚШ атом бомбасын тасымалдай алатын ең жойқын зымырандарын сынақтан өткізді
АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі
АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі golos-ameriki.ru-ға сілтеме жасап.
Соғыс бөлімімен жасақталмаған Minuteman 3 зымыраны оқтұмсықтарын 7мың шақырымды басып өтіп Тынық мұхитындағы атоллға жеткізді
Құрлықаралық балистикалық зымыран атом бомбасын әлемнің бір бұрышынан екінші бұрышына жеткізуге қабілетті. Бұл сынақ АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы даудан кейін болып отыр.
Minuteman 3 зымыраны сағат 00:02 шамасында Вандерберг әуе базасындағы шахтадан ұшырылды. Замыран оқтұмсықтарды діт деген жеріне, яғни 6800 шақырым қашықтықтағы Тынық мұхитынта орналасқан Кваджалейн атоллына жеткізді деп хабарлайды BBC-дегі АҚШ қызметі.
Сынақ 10 айдан бері жоспарланған, АҚШ ядролық күштері құрамына кіретін соғысқа дайындығы мен қаруландыру жүйесі жағынан сәтті өткен сынақтардың бірі болды.
Құрама штаттар шамамен 13 мың шақырым аумақтағы жау күштерін жоятын осындай 450 зымыранға ие.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір