• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 12:06:52
Алматы
+35°

22 Маусым, 2017 NEWS

Тозығы жеткен көлігін өткізгендерге жаңа көлік сатып алуға жеңілдік сертификаты беріледі

Тозығы жеткен көлік өткізгендерге жаңасын сатып алуға жеңілдік сертификаты беріледі, - деп хабарлайды

Тозығы жеткен көлік өткізгендерге жаңасын сатып алуға жеңілдік сертификаты беріледі, - деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 26 маусымынан бастап елімізде тозығы жеткен көліктерді тапсырушыларға жаңа көлік сатып алуға жеңілдік берілетін сертификат Бағдарламасы іске қосылады. ҚР энергетика Министрлігінің тапсырмасымен жасалған Бағдарламаны "ӨКМ Операторы" ЖШС ҚР инвестиция және даму министрлігімен және отандық автоөндірушілермен бірлесе құрастырды.

Бағдарлама талабына бойынша ескі техниканы өткізушіге атаулы сертификат беріледі. Қазақстанда өндірілген көлік сатып алғанда сертификат жеңілдік ретінде пайдаланылады.

Жеңілдік беретін сертификаттың құны тапсырылатын көлік құралының санатына байланысты 315 мың теңгеден 650 мың теңге аралығында болады.

Бағдарлама бойынша отандық өндірушіден кез келген санаттағы көлік құралын сатып алғанда жеңілдік сертификатын пайдалануға болады. Және де бір автокөлік сатып алғанда 2 сертификатқа дейін пайдалануға мүмкіндік бар.

"Жеңілдік сертификаты атаулы және оны өзгенің атына тіркеу екі реттен артық жүргізілмейді. Сондай-ақ оны қайтарып беруге және қолма қол ақшаға ауыстырылмайды. Сертификат тіркелген күннен бастап 12 айға дейін жарамды. Тозығы жеткен көлік құралдарын жою бағдарламасы отандық парктің жаңаруына, Қазақстандық автоөндірісті ынталандыруға және утилизация саласының инфроқұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Бағдарлама жөнінде толық ақпаратты auto.recycle.kz ресми сайтынан оқуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір