• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 15:00:41
Алматы
+35°

22 Маусым, 2017 NEWS

Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы белгілі болды

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова геронтологтардың II еуразиялық съезіне қатысты, деп хабарлайды 

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова геронтологтардың II еуразиялық съезіне қатысты, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшылығы, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Әзербайжан, Украина, Беларусь және т.б. елдердің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері қатысты.

Съезде геронтология мен гериатрияның өзекті мәселелері, атап айтқанда іргелі, клиникалық, медициналық-әлеуметтік проблемалар, белсенді өмір сүру ұзақтығы және өмір сапасы, сауықтыру терапиясының ерекшеліктері, адамдарды сауықтыру және т.б. мәселелер талқыланды.

Мемлекеттік хатшы жиынға қатысушыларға арнаған сөзінде БҰҰ болжамы бойынша 2025 жылға қарай әлемде қарт адамдар саны 1 миллиард 100 миллионға жететінін атап өтті. Қазақстанда 2012-2016 жылдар аралығында жасы 60-тан асқан тұрғындар саны 7%-ға жуық мөлшерден 12%-ға дейін көбейген. Өмір сүрудің орташа ұзақтығы 72 жастан асты.

Гүлшара Әбдіқалықова өмір сүру ұзақтығының қол жеткізілген осы деңгейін Мемлекет басшысы басты жетістігіміз деп атап көрсеткеніне тоқталды.

Геронтологтардың II еуразиялық съезі Еуразия кеңістігіндегі геронтологтар қоғамдастықтарының жұмыс тәжірибесін жинақтап қорытуға арналған.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір