• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 08:41:39
Алматы
+35°

22 Маусым, 2017 NEWS

Қазақстан бойынша 23 маусымға арналған ауа-райы болжамы

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі,  найзағай болады,...

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі,  найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек республиканың қиыр батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінің  кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-22 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жекелеген аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз екпіні 23 м/с болады. Қарағанды, Қызылорда,  Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік  Қазақстан облысының түнде және таңертең кей   жерлерінде тұман күтіледі.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Күндіз Қызылорда облысында, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Жел шығыстан соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +16+18°С, күндіз +27+29°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с . Ауаның температурасы түнде +21+23°С, күндіз +33+35°С болады.                                                                                                                                                                              

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір