• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 19:13:25
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 Саясат

ҚР СІМ: Қазақстан Сирияға әскер жіберу бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ

Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ, деп жазады

Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Қазақстан Сирияға өз әскери қызметшілерін жіберу бойынша ешкіммен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Сириядағы төрт деэскалация аймақтарының қауіпсіздігі мен тиімділігі қалай қамтамасыз етілетіні қазіргі уақытта Астана процесінің кепілгер-елдері құзырында. Олар осы және өзге де мәселелерді 4-5 шілде күндері Қазақстан астанасында өтетін кезекті кездесу барысында талқылайтын болады.

Кез келген жағдайда әлемнің қайсыбір қақтығыс ошағына өз бітімгерлерімізді жіберу мүмкіндігін қарастырудың маңызды қағидатты шарты - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарарының және осы ұйымның тиісті мандатының болуы», - делінген ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік БАҚ-тарда Ресей Сирияға Қазақстан мен Қырғызстанның әскерлерін жіберу бойынша келіссөздер өткізгендігі туралы ақпарат жарияланған болатын

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір