• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 14:16:54
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 NEWS

Елбасы Қазақстан халқының 18 млн.-ға қашан жететінін айтты

Қазір жыл сайын 400 мыңнан артық сәби дүние есігін ашады. Халқымыз 1 шілдеде 18 млн болады деп жариялаймын. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан...

Қазір жыл сайын 400 мыңнан артық сәби дүние есігін ашады. Халқымыз 1 шілдеде 18 млн болады деп жариялаймын. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Baq.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Елбасы алдымен тәуелсіздік алған тұста елдегі демографиялық жағдай өте ауыр болғанын атап өтті.

«1991 жылы мен тәуелсіздік жариялаған кезде қазақтың үлесі 40%-тен асар-аспас болатын. Сондағы ойланған нәрсе сайлауға түскен кезде қанша дауыс алар едім деп қиналдым. Қазір қазақтың саны 70% асты», - деді ол.

Кейін Қазақстан президенті жағдайдың жақсара бастағанын алға тартты. Оның айтуынша, 1 шілдеде халық саны 18 млн-ға жетуі мүмкін.

«Тәуелсіздік алған кезде 17 млн халық болған. Дегенмен түрлі тарихи жағдайға байланысты елімізге қоныстанған басқа ұлт өкілдері өздерінің атамекеніне көшіп кетіп, 14 млн болып қалдық. Құдайға шүкір, қазір жағдайдың жақсаруына байланысты еліміздегі халық санының көбеюі артып келеді. Егерде бастапқы кезде 200 мыңнан астам бала дүниеге келетін болса, қазір жыл сайын 400 мыңнан артық сәби дүние есігін ашады. Біздің халқымыз 1 шілдеде 18 млн болады деп жариялаймын», - деді Елбасы.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір