• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Мамыр, 14:59:45
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 NEWS

Чехия мемлекеті төл валютасын ауыстыруға дайын

Чехия мемлекеті төл валютасын ауыстыруға дайын. Бұл туралы

Чехия мемлекеті төл валютасын ауыстыруға дайын. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі Сегодня ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Чехия үкіметі ұлттық валютасының орнына евроны біріңғай қолданысқа енгізуге дайын екендігін хабарлады.  Бұл ақпаратты Чехия ұлттық банкының төрағасы Йиржи Руснок мәлімдеді. Алайда жергілікті СТК агенттігіне берген сұхбатында   евроны айналымға енбізбей тұрып  европалықтар мен чех тұрғындарының орташа шығыс есебін анықтап  алу қажеттігін  атап өтті.

Осыған дейін Чех үкіметі  төл валютасын  евроға алмастыратынын мәлімдегенімен нақты уақытын  атап айтпаған  болатын.  Қаржы министрлігінің айтуы бойынша ел ішінде эвроны қолдану мөлшері 60 %-ды құрап отыр.  Осыдан жиырма жыл бұрын бұл көрсеткіш 35% шамасында ғана болған.

Чех тұрғындарының  жылдық орташа жалақысы  2014 жылғы статистика бойынша 345 тыс. крон болса, жоғары жалақы   930 тыс. кронды көрсеткен. Ұлттық банк басқармасының статистикалық ақпараттарына жүгінсек 2016 жылы бұл көрсеткіш 2,5 %-ға көтерілген.

Чех тұрғындарының  үштен бір бөлігі орташа жылдық жалақымен өмір сүретіндігін алға тартқан қаржыгерлер  валютаны евроға айырбастау  ел тұрғындарына қиыншылық туғызбайтынын  мәлімдеді.  

Шолушы: Ақерке  Маратқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір