• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 15:20:29
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 Саясат

Трамптан Ресей туралы мүлдем сөз қозғамауын өтінді

Дональд Трамптың  кеңесшілері оған Ресей туралы мәселелерді көп қозғамауға ұсыныс жасап отыр. Бұл туралы

Дональд Трамптың  кеңесшілері оған Ресей туралы мәселелерді көп қозғамауға ұсыныс жасап отыр. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости-ға сілтеме жасап хабарлайды. Мәліметтерге сүйенсек, Трамп кеңесшілері өз дегеніне толықтай жете қоймаса да, жартылай болса да Трампты аңдап сөйлеуге көндірген. Мәселен, Айовада болған кездесуде ол мүлдем Ресей туралы сөз қозғамаған.  Алайда ертесінде-ақ ол өзінің твиттердегі парақшасына:

-Айтпақшы, Ресей 2016 жылғы президенттік сайлауға өте белсенді қатысып еді. Сол кезде билікте болған Обама неліктен оларға тоқтау қоймаған?-деп жазған.

Шетелдік арналардың мәліметінше, Трамп кеңесшілері оны Ресей тақырыбындағы полемикаға қатыспауын өтінген. Ал сол аралықта АҚШ конгресінде осы жылғы президенттік сайлауға Ресейдің қатысын анықтау жүргізіліп жатыр.

Шолушы: Назерке МҰСА

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір