• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 14:03:33
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 NEWS

Халықаралық Ғұсман Қосанов Мемориалына 200-ден астам атлет қатысады

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов Мемориалы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. Мәртебелі бұл жарысты Жеңіл атлетика федерациясы осымен 27-ші...

Жеңіл атлетикадан дәстүрлі халықаралық Ғұсман Қосанов Мемориалы 24-25 маусым күні Алматыда өтеді. Мәртебелі бұл жарысты Жеңіл атлетика федерациясы осымен 27-ші рет ұйымдастырғалы отыр. Ғұсман Қосанов мемориалына қатысуға 11 мемлекеттің спортшылары өз келісімдерін берді.

Алматыда Үндістан, Иран, Бахрейн, Сирия, Малайзия, Ауғанстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстан және өзіміздің Қазақстанның атлеттері өнер көрсетеді. Жалпы, 200-ден астам спортшы сайысқа деп күтілуде. Олардың арасында былтырғы жылы биіктікке секіру бойынша Азиядағы үздік нәтижелердің бірін көрсеткен Маджед Газаль (Сирия), желаяқтар Реза Хасеми (Иран) мен Якуб Салем (Бахрейн), ұзындыққа секіруші Анкит Шарма (Үндістан) т.б белгілі спортшылар бар.

Жалпы, мемориалда қатысушылар 30 жекелеген сайыс бойынша сынға түседі (15-і ерлер, 15-і әйелдер арасында). Ұйымдастырушылар дәстүрлі түрде 100 метрге жүгіргендердің ішінде үздік шыққан атлетке арнайы сыйлық тағайындап отыр (Ғұсман Қосанов – дәл осы қашықта Олимпиада жүлдесін еншілеген алғашқы қазақ атлеті), ал демеушілердің жүлдесі көрермендер арасында ойнатылады.Ғұсман Сыйтықұлы Қосанов 1935 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Изатулла ауылында дүниеге келген. Олимпиада ойындарына тұңғыш қатысқан және Олимпиада жүлдесiн тұңғыш жеңiп алған қазақ атлеті. 1960 жылы Рим олимпиадасында күміс медальға болды. Еуропа чемпионы, КСРО чемпионатының күмiс жүлдегерi, Қазақстанның бiрнеше дүркiн чемпионы, КСРО халықтары спартакиадасының жеңiмпазы. Жеңіл атлетикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш спорт шебері. Оның құрметіне өткізіліп жүрген халықаралық мемориал 1991 жылы басталды. Ал 2000 жылы мемориалдың 10 жылдық мерейтойына байланысты арнайы почта маркасы шықты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір