• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 19:34:41
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 NEWS

Қазақстанда «А» санатына жататын жаңа фармацевтикалық қойма кешені ашылды

 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық...

 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі аясында халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық саланың жағдайы мен дамуы туралы» Парламенттік тыңдалымның ұсынымдары аясында 2017 жылдың 23 маусымында сағат 11:00-де Алматы қаласында Түлкібас к., 4А мекенжайында орналасқан «А» санатына жататын жаңа қойма кешенінің ресми ашылу салтанаты өтті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Іс-шараға ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Цой А.В., «Медсервис Плюс» ҚФК басқарма төрағасы Омаров Ж.К., ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Аманжолова З.Д., Шетелдік өндірушілер қауымдастығының президенті Локшин В.Н., Еуропа қайта құру және даму банкі директорының орынбасары Намазбаев А. және т.б. лауазымды тұлғалар қатысты.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы қабылдау, сақтау және босатуға мамандандырылған бұл заманауи фармацевтикалық қойма Германияда шығарылған заманауи жабдықпен және қойма техникасымен GDP (тиісті дистрибьюторлық тәжірибе) стандарттарына сәйкес жабдықталған. Кешен Алматы қаласын және облыс тұрғындарын қауіпсіз әрі сапалы  дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және медициналық техникамен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Тауарларды 7 деңгейлі биік стеллаж түріндегі палеталарда сақтайтын (22 метрге дейін жетеді) «А» санатына жататын бұл фармацевтикалық кешен қойманың пайдалы ауданын барынша оңтайлы түрде қолдануға мүмкіндік береді. Қойманың жалпы ауданы 6 282 шаршы метрді құрайды. Қоймада 6 500 паллета-орын және сөреде сақтауға арналған 7 000 орын (соның ішінде 5 600 орын және температура режимін сақтайтын 1 400 орын) бар.

Кешен орталық көлік жолы жанында орналасқан. Ішіндегі бөлмежайларының жалпы ауданы 8 778 м2 құрайтын қойма әртүрлі аймақтарға бөлінген. Өнімді сақтайтын аймақтарда температура режимін реттеуге болады. Қойманың ішіндегі жағдай дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтауға қойылатын халықаралық стандарттардың ең жоғарғы талаптарына жауап береді. Жаңа қойма бөлме температурасында (+15-+25 С°) сақтайтын, арнайы температурада сақтауға (+2…+8 С°) арналған және + 8…+15 С температура режимінде сақтауға мүмкіндік беретін аймақтармен жабдықталған.

Дәрілік заттарды сақтау кезінде нақты бір шарттар талап етілетіндіктен, дәрі-дәрмек ерекше тауар тобына жатады. Препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі осы шарттардың қаншалықты мұқият әрі мүлтіксіз сақталатынымен байланысты, демек дәрі-дәрмекпен емдеу нәтижесі де осыған соғұрлым тәуелді болады.

«Медсервис Плюс» компаниясы Алматы қаласы мен облысындағы клиенттерге қызмет көрсететін қосымша алаң ретінде өзінің заманауи автоматтандырылған фармацевтикалық қоймасын ашу арқасында ең жоғары деңгейде логистикалық қызметті көрсетіп, нарықта бәсекелі артықшылықтарға ие болуға мүмкіндік алып отыр. SAP EWM жүйесінің (Германия) басқаруымен жұмыс жасайтын автоматтандырылған SSI SCHAEFER конвейерлік желісінің (Австрия) арқасында тауарлар базаға автоматты түрде енгізіліп, қоймалар мен қойма ішіндегі операцияларды, соның ішінде тауарды қабылдау және жөнелту кестесін құруды, сәйкестілікті автоматты түрде таңбалайтын операцияларды, ілеспе құжаттарды дайындауды жылдам басқарып, сан алуан стратегияларды баптауға болады. Бұл қойма ішіндегі операциялардың атқарылу деңгейі мен шапшаңдығын айтарлықтай арттырады. Жаңа кешен «Медсервис Плюс» ҚФК-ның өнімдерді сақтау,  тауар қорын оңтайлы көлемде қамтамасыз етумен байланысты қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырмақ. Қойманың конфигурациясы тауар қорын икемді түрде басқарып, нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктеріне жауап беруге мүмкіндік береді. «Медсервис Плюс» жол картасына сәйкес ҚР-дағы барлық филиалдарын GDP стандарттарына біртіндеп көшіруде.

Заманауи логистикалық орталықтың ашылуы арқасында жаңа 70 жұмыс орны құрылды. Компанияның аса маңызды мақсаттарының бірі халықты жұмыспен қамтуға, сондай-ақ, қазақстандықтардың әл-ауқатын көтеруге үлес қосуға бағытталған.

GDP стандарты жөнінде

 «Тиісті дистрибьюторлық тәжірибе» стандарты (Good Distribution Practice - GDP) дәрілік заттарды көтерме бағада өткізу үрдісін ұйымдастыруға арнап тиісті тәсілдемені белгілейді. Бұл стандарт дәрі-дәрмек өндірісшінің кәсіпорнынан шыққан сәттен бастап, бөлшектеп сататын дәріханаларға және медициналық мекемелерге жеткізуге дейінгі кезеңде препараттардың сапасы мен тиімділігін сақтауды көздейді. Стандарт Еуроодақ және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қабылдаған тиісті дистрибьюторлық тәжірибе қағидаларына негізделген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір