• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 23:16:36
Алматы
+35°

23 Маусым, 2017 Саясат

Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президентімен Қазақстандағы қаржы жүйесін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен қаржы және инвестициялық салаларды...

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозумен қаржы және инвестициялық салаларды дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп жазады  Қамшы  ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты жариялады.

Кездесу барысында ЕуразЭҚ дамыту әлеуеті, сонымен қатар әлемдік трендтерді ескере отырып, Қазақстанның қаржы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар Ж. М. Баррозудың Еуропалық комиссияға төрағалық еткен кезінде қол қойылған кеңейтілген серіктестік туралы келісім аясында Қазақстан мен ЕО-ның алдағы ынтымақтастық келешегі туралы пікірлерімен алмасты.

Айта кетерлігі, Еуропалық комиссияның экс-президенті, Португалияның Премьер-Министрі (2002-2004 жж.) Жозе Мануэль Баррозу Қазақстанға 22-24 маусым аралығында Астанада өткізіліп жатқан Еуразиялық медиа форумға қатысу үшін келді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір