• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Мамыр, 19:10:47
Алматы
+35°

24 Маусым, 2017 NEWS

Трамп Путинмен кездесуге дайын екендігін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей Федерациясы басшысы Владимир Путин Германияда өтетін G20 саммитінде кездеседі. Бұл туралы

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей Федерациясы басшысы Владимир Путин Германияда өтетін G20 саммитінде кездеседі. Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі РИА Новости ақпараттық сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Аталмыш ақпаратты журналисттермен өткен брифингте ақ үйдің өкілі Шон Спайсер мәлімдеді.

Екі ел  басшыларының  G20 саммиті аясында өтетін кездесуі жайыныда айта отырып, «Екі ел арасындағы  ортақ мәселені шешу Ресей президентінің әрекетіне байланысты болмақ», - деп атап өтті Шон Спайсер. Сондай-ақ, Вашингтон Мәскеумен мүмкіндігінше ынтымақтастықта болатынын  мәлімдеді.

Сол күні Ресей Федерациясының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков екі ел басшылары арасындағы келіссөзге әлі дайын емес екендігін мәлімдеді.  Президент көмекшісі Юрий Ушаков Путин мен Трамптың арасындағы келіссөздерге қатысты нақты ақпарат жоқ екендігін алға тартты.

Осыдан бірнеше уақыт бұрын Владимир Путин Америкалық режисер Оливер Стоунға берген сұхбатында АҚШ президентімен кездесуге асықпайтынын айтып өткен болатын. «Біз күндердің күнінде кездесентіндігіміз анық. Бірақ әзірге асқпаймыз», - деп атап өткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Гамбургте өтетін G20 саммиті ағымдағы жылдың 7-8 шілде күндері өтеді. 

Шолушы: Ақерке Маратқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір