• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 17:20:33
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

Астанадағы жауын-шашын салдары

Алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

 
Елорданың коммуналдық қызметі жауын-шашынның салдарын жоюда.

«Қазгидромет» орталығының хабаралауынша, алдағы үш күнде Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

19 шілде күні күн құбылмалы болады деп болжануда, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстіктен жел соғады, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с құрайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +11+13 градусты құрамақ, күндіз ауа бағамы +22+24 градус жылылықты көрсетеді.  

Астанада 20 және 21 шілдеде ауа райы тура осы қарқында болады деп күтілуде.

Онымен бірге қаланың коммуналды қызметі қатты жауған жаңбырдың салдырын жедел түрде жоюда.

Мәселен, «Алматы» ауданы бойынша «Астана Тазалық» ЖШС күндізгі ауысымда 37 Ас техника көлігі мен 2 мотопомпа  жұмысқа тартылған. Атап айтқанда арнайы техника жеке секторларға жұмылдырылған.

«Сарыарқа» ауданының аумағында жаңбырдың суларын сорып алу үшін 16 Ас техникасы жұмылдырылған. Жұмыс екі ауысымда жүргізілуде. Оған қоса, Өндіріс тұрғын кешенінде күн сайын топырақ суларын сорып алу жұмысы жүргізіледі.

«Есіл» ауданы бойынша жаңбырдың салдарын жоюға 38 Ас техника көлігі жұмылдырылған.

Суды сорып алу және су деңгейінің көтерілуін алдын алуға бағытталған жұмыс үздіксіз атқарылуда. Қала билігі тұрғындар мен қонақтарға төтенше жағдай орын алған жағдайда «109» қызметіне хабарласуға кеңес береді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір