• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 17:29:08
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

ШҚО-да ауыр жарақат алған тыл ардагері көз жұмды

Шериаздан Исановтың өлімі жайлы туыстары естіртті

ШҚО-да дауыл кезінде үстіне шатыр құлап кеткен 82 жастағы Шериаздан Исанов қайтыс болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ол ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінде жатқан еді. 

Шериаздан Исановтың өлімі жайлы туыстары естіртті.

"Ата дүниеден өтті, кеше жүрегі шыдамады", - деді қарияның немересі Әзиз.

Қалалық аурухананың өкілдері науқастың өлімін растады. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр жағдайда жатқан тыл ардагері кешкі 22.00-де қайтыс болған. Оның сынған жері көп болған және кеудесі тілінген. Марқұмның туыстары бұл оқиғада кімнің кінәлі екенін анықтауға ниетті.

Сонымен қатар, ШҚО ТЖД өкілдері тұрғындардың дауыл туралы ескерту болмады деп айыптағанына байланысты пікір білдірді. 

"Алдын ала, жексенбіде, түстен кейінгі уақытта "Қазгидромет" мәліметінің негізінде құтқарушылар ұялы қосымша мен ведомствоның ресми сайты арқылы 17 шілдедегі ауа райы жайлы халыққа ескерту жасалды, ескертуде желдің секундына 20 метр жылдамдықпен соғуы мүмкін екені айтылды. Бұл мәлімет ауа райына сәйкес болды ма, жоқ па - бұл мәселені ТЖД-ға емес, синоптиктерге қою керек", - деді ТЖД өкілдері.

Еске салайық, кеше Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрған еді. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан. Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. Кейін дауылдан бес адамның зардап шеккені белгілі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір