• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 15:01:51
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

Жастар арасындағы Ұлттық байқаудың жеңімпазы 5 000 000 теңге иеленеді

Байқаудың басқа да мақсаты сыни ойлау философиясын дәріптеуге бағытталған білім беру үдерістеріне жәрдемдесу

 Орталық коммуникациялар қызметінде 2017  жылы шілде айында «Менің арманым» атты әлеуметтік маңызы бар жобалардың ұлттық байқауының басталуына арналған баспасөз конференция өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз конференцияға ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің төрағасы Болатбек АБДРАСИЛОВ, «Рухани жаңғыру» жоба басқармасының бастығы Арман ЕВНИЕВ, «SUCCESS K» стратегиялық байланыстар жөніндегі агенттігінің бас директоры Ләззат КӨККӨЗОВА қатысты.

«Менің арманым» байқауы ең қызық, бірегей әлеуметтік маңызы бар және жас жаңашылдардың жалпыға пайдалы бастамаларын анықтайды және де олардың әлеуметтік белсенділігі мен әлеуметтік-шығармашылық қабілеттерінің дамуын дәріптеп, қатысушылардың зияткерлік әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік жасайды», - деп  Б. Абдрасилов атап өтті.

Бұл жоба  Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласыныңда көрсетілген идеяның іс жүзінде іске асыруы болып табылады және де «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қолдауымен өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – «SUCCESS K» стратегиялық коммуникациялар агенттігі.

Байқаудың басқа да мақсаты сыни ойлау философиясын дәріптеуге бағытталған білім беру үдерістеріне жәрдемдесу: қазіргі заманды толық ұғыну, мәселені шешудегі балама жолдарды көру, жаңа идеяларды ұсыну қабілеті, стереотиптерді еңсеру, өзгелердің ой-пікірін дұрыс бағалау және де өз ұстанымын дәлелді жақтау болып табылды. 

Байқауға 14 пен 29 жас арасындағы қазақстандықтар: орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары, колледж пен профтехникалық мектеп оқушылары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, ЖОО-ның студенттері, жас жаңашылдар қатыса алады.

Қатысуға өтінімдер 20 шілде мен  1 қыркүйек аралығында байқаудың ресми сайтында www.meninarmanym.kz   қабылданады. Байқауға қатысу ақысыз. Жобаларды ақпараттық (IT),  білім, технологиялық, экология және әлеуметтік-мәдениет бағыттары бойынша ұсынуға болады. Байқаудың жеңімпазы қаржылық тұрақтылығы мен тәуелсізділігін кепілдей алатын, біртума, пайдалы әлеуметтік жоба болады. 

«Менің арманым»  байқауының ақтық кезеңі теледидарлық әлеуметтік- зияткерлік шоудан тұратын болады. Ақтық жарысқа қатысуға  ең үздік 64 жобаның авторы Астана қаласында  жиналады. Жобаларды Қазақтан Республикасының әйгілі қоғам қайраткерлері, саясаткерлері мен кәсіпкерлерінен құралған қазылар алқасы бағалайтын болады.  «Менің арманым»  жастар арасындағы әлеуметтік жобалар Ұлттық байқауының  жеңімпазы 5 000 000 тенгені иеленеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір