• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 02:33:33
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

Астанадағы жаңа вокзал «Сәулет оскарына» ұсынылды

Аталмыш жоба «Нұрлы жол» деген атқа ие болды. Ол Алматы ауданындағы Мұстафин көшесінде орналасқан

WAF-2017 бүкіләлемдік сәулет фестивалінің ұйымдастырушылары финалға шыққандардың тізімін жариялады. Шорт-парақта 400 нысанның аты жазылған, оның қатарында жақында ғана пайдалануға берілген Астана вокзалы бар екен, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Крыша сайтына сілтеме жасап.

Үміткер өзге 13 жүзеге асырылған жобалардың ішінде «Көлік» номинациясы бойынша ұсынылған.

Конкурс талаптарына сай, Tabanlioglu сәулет бюросы қатаң іріктеуден өтіп, ағымдағы жылдың күзінде Берлинде өздерінің жобаларын ұсынбақ. Әділқазы алқалары 15 және 17 қарашада болатын фестиваль кезінде жеңімпаздың кім екендігін жариялайды.

Аталмыш іс-шара жыл сайын өтіп тұрады, сонымен қатар, биыл олар 10 жылдық мерейтойын тойлайды екен. Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар биыл мыңнан аса ұсыныс келіп түскендігін хабарлайды.

WAF фестивалін, әдетте, сәулет оскары деп атайды. Сатанатты рәсім барысында ең үздік деп танылған 30 жобаны түрлі номинацияларда марапаттап, жалғыз ең ұтымды шыққан бір жобаны «Жыл ғимараты» титулымен марапаттайды. Финалистер әлемдік даңққа және түрлі преференцияларға қол жеткізеді.

Естеріңізге сала кетсек, Астанадағы жаңа вокзалдың құрылысы 2014 жылы басталған болатын. Ол әлемдік көрменің басталуына аз уақыт қалғанда, 2017 жылдың мамыр айында аяқталып, көпшілікке пайдалануға берілді.

Аталмыш жоба «Нұрлы жол» деген атқа ие болды. Ол Алматы ауданындағы Мұстафин көшесінде орналасқан. Жалпы ғимарат алаңы 120 мың шаршы метрден асады және тәулігіне 35 000 жолаушыға дейін қабылдай алады.

Шолушы: Назерке Лабихан

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір