• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 21:46:52
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ауысты

2017 жылғы 15 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 11-бабының 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ауысты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 шілдеде Ортсайлауком отырысында комиссия мүшесі Сәбила Сапарқызы Мұстафина ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды.

2017 жылғы 15 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 11-бабының 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ОСК отырысында сайланады.

Айта кетерлігі, бұған дейін 10 жыл бойы Ортсайлауком хатшысы болған Бақыт Мелдешов комиссиядағы қызметін ОСК мүшесі ретінде жалғастыра береді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір