• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 23:49:49
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

Кәсіпкерлер 6 айға дейін кеден салығын төлемей жүре алады

Қазақстанның жаңа Кеден кодексі құжат жұмыстарын барынша автоматтандыруды көздейді. Осылайша, тауар таситын кәсіпкерлер барлық декларацияларын ақпараттық ...

Қазақстанның жаңа Кеден кодексі құжат жұмыстарын барынша автоматтандыруды көздейді. Осылайша, тауар таситын кәсіпкерлер барлық декларацияларын ақпараттық жүйе арқылы үйден шықпай-ақ тапсыра алады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа  сілтеме жасай отырып.

Бұдан бөлек, кеден салықтарын төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі. Оған сәйкес, декларант бір аванстық төлем жасайды, ал ақпараттық жүйе оны баж салығы және тағы басқа салық түрлеріне бөліп тастайды.

«Сосын кедендік салықтарды төлеуді бір айға дейін шегеруге мүмкіндік бар. Алайда артынан пайызын төлеуге тура келеді. Салық төлеуді алты айға дейін пайызсыз шегеру мүмкіндігі де қарастырылған. Ондай шара барлығына таралмайды. Мәселен, ауыл шаруышылығы техникасын жеткізу, асыл тұқымды малды тасымалдау және тағы бірқатар салалар бойынша алты айлық салықсыз кезеңді пайдалануға болады», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Ернар Бәкенов бүгін Кодекс жобасын талқылауға арналған жиында.

Бүгінде отандық кәсіпкерлер жаңа Кеден кодексін қолдап отыр. Алайда кәсіпкерлер ақпараттық технологиялардың құжатта қалай көрсетілсе, іс жүзінде де солай енгізілгенін қалайды. Кодекстің жобасы әлі де талқыланатын болады. Күзге қарай оны Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жоспарланған.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір