• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 03:33:35
Алматы
+35°

19 Шілде, 2017 NEWS

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадет корпусына үміткерлерді қабылдайды

ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы кәсіби сержанттар корпусына үміткерлерді қабылдайтыны туралы хабарлайды

Биылғы жылы оқу орны мотоатқыш, десанттық-шабуылдау әскерлері және әскери барлау мамандықтары бойынша оқыту үшін кадеттерді оқуға қабылдауға әзір деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Жыл сайын орташа есеппен алғанда 1 500 жас қазақстандық оқуға құжаттарын тапсырады. Кадет корпусына 17 жастан кіші емес және 25 жастан аспаған азаматтар қабылданады. Кадет корпусына оқуға түсуге ниет білдіргендер тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында медициналық куәландырудан өтеді. Әрі қарайғы кезеңдер алдын ала медициналық куәландыру, алдын ала кәсіптік-психологиялық іріктеу, дене дайындығын тексеру, түпкілікті медициналық куәландыру және түбегейлі кәсіби-психологиялық іріктеу. Содан кейін конкурстық іріктеу және кандидаттардың оқуға түсуі тікелей Кадет корпусында жүзеге асырылады. Қабылдаудың әрбір кезеңінен өтуге бір-ақ рет рұқсат етіледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді. Барлық кезеңдер шілденің 20-ы мен ағымдағы жылғы тамыздың ортасына дейін өткізіледі. Қабылдау кезеңінде оқуға түсушілер Кадет корпусының аумағында орналасады және тамақпен қамтамасыз етіледі.

Жалпы оқу мерзімі 1 жыл 10 айды құрайтынын айта кеткен жөн. Бұл уақыт ішінде кадеттер теория және іс жүзінде әскери ғылымның қыр-сырын меңгеріп, техникалық және кәсіби білім алады. Бұл колледж деңгейіне сәйкес келеді және оларға «әскери басқарудың кіші маманы (менеджер), «В», «С» санатындағы жүргізуші және 3-сыныпты ЖӘЖМ механик-жүргізушісі біліктілігі беріледі. Оқыту аяқталғаннан кейін әрқайсысымен 10 күнтізбелік жылға сержанттар құрамы лауазымында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Одан кейін кадеттер әскери бөлімдерге бөлімше командирлері лауазымдарына таратылады. Алған білімдері жас сержанттардың бөлімшелерді басқарудағы сенімділігін арттырады. Бұл әскери бөлімдердегі әрі қарайғы қызметтеріне қолайлы ықпал етеді және бөлімше командирінен бастап Қарулы Күштердің бас сержантына дейін қызметтік мансап бойынша көтерілуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ мемлекет тарапынан барлық әскери қызметшілерге әлеуметтік қолдау қарастырылған.

Бүгінде Кадет корпусы кәсіби сержанттарды дайындаудағы негізгі білім ошағы болып табылады. Кадет корпусының түлектері Қарулы Күштерде болсын, өзге де әлеуетті құрылымдарда болсын қызметтерін ойдағыдай өткеруде. 1996 жылдан бастап Кадет корпусы барлығы 2800-ден аса кәсіпқой сержантты дайындап шығарды. Оқуға қабылдау ережелері туралы толыққанды ақпаратты www.mod.gov.kz сілтемесі арқылы ҚР Қорғаныс министрлігінің («Білім беру» тарауы) алуға болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір