• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 11:11:26
Алматы
+35°

20 Шілде, 2017 NEWS

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағатта алуға болады

жобаның мәні – «Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана  № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні – «Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.

«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде – «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады», – дейді Оспанов.

Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оның ішінде 428 – туу туралы куәлік, 17 – қайтыс болуды тіркеу, 17 – соттың шешімі негізінде некені бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу – бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу – 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.

Сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінін айта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:

Алматы қ.

Бостандық аудандық № 1 бөлімі –Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А

Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А

Ақмола облысы

Сандықтау аудандық бөлімі – Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.

Зеренді аудандық бөлімі – Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52

Алматы облысы

Ақсу аудандық бөлімі – Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.

Алакөл аудандық бөлімі – Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.

Балқаш аудандық бөлімі –Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.

Қапшағай қалалық бөлімі – Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41

Еңбекші аудандық бөлімі – Есік қ., Абай к-сі, 314 А

Есіл аудандық бөлім і- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17

Іле аудандық бөлімі – Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23

Қаратал аудандық бөлімі – Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22

Кербұлақ аудандық бөлімі – Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В

Панфилов аудандық бөлімі – Жаркент қ., Головацкий к-сі, 51Б

Райымбек аудандық бөлімі – Кеген а., Момышұлы к-сі, н/з

Сарқан аудандық бөлімі – Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44

Талғар аудандық бөлімі – Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А

Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы – Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9

Ұйғыр аудандық бөлімі – Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35

Атырау облысы

Мақат аудандық бөлімі – Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қ. № 3 бөлімі – Белинский к-сі, 37А

Абай аудандық бөлімі – Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12

Бородулиха аудандық бөлімі – Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25

Зырян аудандық бөлімі – Зырян қ. Стахановская к-сі, 39

Курчатов қ. бөлімі – Тәуелсіздік к-сі, 4

Батыс Қазақстан облысы

Бөкейорда аудандық бөлімі – Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1

Сырым аудандық бөлімі – Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2

Қарағанды облысы

Қарағанды қ. № 2 бөлімі – Чкалов к-сі, 7

Қарағанды қ. № 4 бөлімі –Архитектура көш., 8

Балқаш қ. бөлімі – Бөкейхан к-сі, 20А

Қаражал қ. бөлімі – Ленин к-сі, 18

Қарқаралы аудандық бөлімі – Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21

Нұра аудандық бөлімі – Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2

Осакаров аудандық № 1 бөлімі – Осақаров к., Пристанционная к-сі,12

Саран қ. бөлімі – Жамбыл к-сі, 85/3

Шахтинск қ. №1 бөлімі – Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

Қызылорда қ. № 1 бөлімі – Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е

Маңғыстау облысы

Отдел Мунайлинского района – с.Мангистау,  24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

Ертіс аудандық бөлімі – Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14

Качир аудандық бөлімі – Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А

Павлодар аудандық бөлімі – Павлодар қ., Толстой к-сі, 10

Успен аудандық бөлімі – Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30

Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114

Павлодар қ. № 2 бөлімі – Исиналиев к-сі, 24

Ақсу қ. бөлімі – Ленин к-сі, 10

Солтүстік Қазақстан облысы

Петропавл қ. № 2 бөлімі – Қазақстан Конституциясы к-сі, 72

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір