• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 13:36:46
Алматы
+35°

20 Шілде, 2017 Саясат

Трамп Путинмен кездесу барысында қандай мәселені қозғағанын айтып берді

Путин мен Трамп басты кездесуден бөлек тағы бір кездесу өткізді

Екі ел президенті 7 шілдеде кешкі ас кезінде әңгімелесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Кешкі ас бір сағатқа созылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Гамбругте өткен G20 ресми емес кездесуінде бала асырап алу мәселесін қозғады. Бұл туралы АҚШ президенті The New York Times газетіне берген сұхбатында айтты.

Әңгіме ұзаққа созылмағанын, түрлі тақырыпта әңгімелесіп, бала асырап алу мәселесін қозғағандығын да айтып өтті.

 2016 жылдың маусым айында Дональд Трамп пен Ресейден келген қонақ арасында бала асырап алу туралы әңгіме қозғалғанын атап өтті.

 2013 жылдан бастап Ресейде «Дима Яковлевтің заңы» қолданыста. Ол бойынша ресейлік балаларды американдықтардың асырап алуына тыйым салынған.

 18 шілде де Reuters Путин мен Трамп басты кездесуден бөлек тағы бір кездесу өткізгенін хабарлады. Ол туралы бұған дейін айтылмады.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір