• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 10:51:45
Алматы
+35°

20 Шілде, 2017 NEWS

Биыл 66 мың қызметкер мемлекеттік аттестациядан өтті

Кешенді аттестаттаудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби дайындығының деңгейін анықтау

Биыл ел бойынша 66 мың қызметкер мемлекеттік аттестациядан өтті. Үш кезеңнен тұрған сынақтың қорытындысы бойынша қатысушылардың 7,3 пайызы лауазымдарын көтеруге ұсынылған. Ал 91,4 пайызы тағайындалған қызметіне сәйкес деп танылған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24 Хабар мәліметіне сүйеніп.

 Айта кетейік, ақпанның алғашқы күнінде басталған сынақ маусым айының 30-ына дейін жалғасқан еді. Ұлт жоспарының 15-қадамын орындау шеңберінде «Б» корпусындағылардың біліктілігі сарапқа салынды.

Кешенді аттестаттаудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің кәсіби дайындығының деңгейін анықтау. Сол арқылы мемлекеттік қызметте алға ілгерілету.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір