• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 12:24:08
Алматы
+35°

20 Шілде, 2017 Әлеумет

Ықтияр хаты жарамсыз болып қалғандар Қазақстаннан қуылуы мүмкін (видео)

250 адамға берілген ықтияр хаттың екі жылдан кейін жарамсыз екені анықталды

Тараздағы көші-қон полициясы арқылы құжат рәсімдеген қандастар енді елден қуылуы мүмкін. Өйткені әр елден атажұртқа қоныс аударған 250 адамға берілген ықтияр хаттың екі жылдан кейін жарамсыз екені анықталған. Сондықтан бұл кісілердің енді Қазақстанда жүруі заңсыз. Осылайша құзырлы орын өкілдерінің кесірінен тығырыққа тірелген ағайын не істерін білмей, бас қатыруда, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ktk телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыдан арнайы келген бұл төрт азамат төбесінен жай түскендей болды. Өйткені 2015 жылы Қытайдан көшіп келгенде, Қазақстанда жүрулері үшін төлқұжат есебінде берілген ықтияр хат жарамсыз болып қалған. Мұндай сұмдықтың беті тұрғылықты жер бойынша анықтама алу кезінде ашылған.

Қанат Берікбол:

Біз жина дегенді жинадық. Бер дегенін бердік. Енді беріп алып бір жылдан соң құжат жарамсыз дегендері бізге қажет емес. Мен Қазақстанға азаматтық алайын деп келдім, мен Қытайға қайта кетейін деп келгенім жоқ. Азаматтық керек маған.

Ата жұртты аңсап келген ағайын енді екі ортада тентіреп қалды. Қазір азаматтық алмақ түгілі, Қазақстанда аяқ басып жүрудің өзі мұң. Яғни берілген құжат заңсыз деп табылған соң оның күші жойылған. Ал Қытайдан келгендердің жағдайлары тіптен қиын.

Бажигүл Қажыбекқызы:

– Қытайлар қабылдамайды. Олар заң шығарып қойған: өз еркімен біздің рұқсатымызсыз азаматтық алмайсың деп. Бұлар барса төтелей олардың құрбандығы сотталу керек. Құжаттыз бір күнде жүре алмайды. Қытайға бара алмайды да, бұлардың тағдыры босқын немесе түрме жағалаумен өтеді.

Екі ортада «босқын» күйіне түскендердің айтуынша, қалалық көші-қон полициясы басқармасындағылар бұл мекемені бизнес орталығына айналдырып алған. Жалпы, осы құзырлы орын өкілдерінің кесірінен 250 адамның ықтияр хаты жарамсыз деп табылған. Оның көбі бұл жайында әлі естімепті. Қазір осы былыққа қатысы бар деген күдікпен қалалық көші-қон полициясы басқармасының басшысы бірнеше инспекторымен бірге қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.  

Бекзат Досыбаев, Жамбыл облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының инспекторы:

– Нақты қазір ештеме айта алмаймын. Қызметтік тексеріс жүргізіледі. Қазіргі таңда құжат заңсыз берілгендігі үшін, ішкі істер органдарының қызметкерлері істі болып жатыр ғой. Сондықтан да сол кісілердің кінәсі десек те болады.

Көші-қон полициясының кесірінен енді 250 адамның тағдыры қыл үстінде. Тексеру кезінде төлқұжат есебінде жүретін ықтиярхаттың жалған екендігі расталса, онда заңға сәкес 250 қандас елден шығарылуы тиіс. Ал бейресми мәліметтерге сүйенсек, жалған құжат ел бойынша тек Жамбыл облысында жасалып, азаматтар тек содан соң әр өңірге жіберіліп отырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір