• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 19:15:23
+35°

26 Желтоқсан, 2012 NEWS

Қазалы жұртта қайдағы мереке?

25 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Ан-72 ұшағының апатқа ұшырап, 27 азаматтың қаза табуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында...

25 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында Ан-72 ұшағының апатқа ұшырап, 27 азаматтың қаза табуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысында кез-келген сипаттағы мерекелік шараларды өткізуге тыйым салынды. 

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тапсырмасымен облыстағы барлық мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда кез-келген сипаттағы мерекелік шаралар өткізілмейтін болды. Әкім қайғылы оқиғаға байланысты жаңа жылға қатысты өткізілетін кез-келген іс-шараны тойламауды тапсырды. «Бұл тапсырма тікелей мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қатысты болғанымен, жекеменшік мекемелердің де мұндай шаралардан бас тартқаны абзал. «Қайғыны ер көтереді, қазаны ел көтереді» дейді қазақ халқы. Ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтардың мерт болуы баршамыздың ортақ қайғымыз. Сондықтан, азаматтар әкімнің бұл шешіміне түсіністікпен қарайтын болар деген үміттеміз» деді облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары-баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Біздіңше, бұл бастама бүкіл ел көлемінде қолға алынуға тиіс. Өйткені жақын күнде «Абылайдың асы» дейтіндей соншалықты күйіп тұрған дүбірлы дүние жоқ. Сондықтан қазақ елінің 27 азаматының қайғысын жұрт болып көтерелік. Марқұмдардың жатқан жері жәннатта, топырағы торқа болсын!

Сурет ғаламтордан алынды

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір