• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Сәуір, 08:19:02
Алматы
+35°

05 Ақпан, 2013 NEWS

Шудың шөбі Испанияға не үшін қажет?

Ұлан-байтақ жеріміздің  асты-үстіндегі  қазынасы

 

Ұлан-байтақ жеріміздің  асты-үстіндегі  қазынасын «тонап» жатқандар аз емес.     Шетелдік инвесторлардың  ендігі құныққаны   – Шу  өңірінде  өсетін  «даңқты»  шөп.  Миллион  доллар  қаражат табатын қурайдың  жаңа  иелері −  испандықтар.

Шу өңірі  күні  бүгінге  дейін алыс-жақын  шетелдерге «Шу алқабы» (Чуйская  долина) деген  атаумен  кең  танымал. Себебі  мұнда  нашаның   табиғи,  таза  әрі аса  қуатты, психотропты  әсері  жоғары,  көпжылдық  жабайы    түрі  өседі.  Шу  өңірі – анашаның Орта  Азиядағы Ауғанстаннан кейінгі   екінші   ірі  аймағы  болып  есептелінеді.    Қазірдің  өзінде  140 мың гектар  анаша  алқабынан жыл сайын шамамен  5 мың  тоннадай шөп жиналады.  Нашаның  Шу  алқабында  нақты  қай  кезден  бастап  өсе  бастағаны  туралы  нақты мәлімет жоқ.   Кейбір  деректерге  қарағанда,  XVIII ғасырда   Түркістан  облысының генерал-губернаторы Колпаковский  құмды  тежеу  үшін  үнді нашасының тұқымын әкеп  отырғызған. Сөйтіп орыс саясатының  салдарынан қазақтың   соры  еселеніпті. Еліміздің заңнамалары  бойынша   Шудың  анашасы наркотиктік  затқа  баланады.  Сондықтан анаша  жинау  және  оны  өткізу,  тасымалдау   бойынша  елімізде  қаншама қылмыстық іс  қозғалып, алқап  өртеліп, дефолианмен  жою  жұмыстары  тұрақты  жүргізіліп келеді. Бірақ еш нәтиже берер емес.  Себебі  жұмыссыздық пен  қылмыс жайлаған  қоғамда  нашаның  жолын кесу мүмкін  болмай  отыр. Алайда, соңғы  жылдары  нашаны  фармацевтикаға  пайдалану  ісі  қолға  алынып  келеді.  Испанияның  және  АҚШ-тың  ғалымдары  қурай  құрамынан  тетрагидроканнабиол (ТГК) атты қатерлі ісік  пен қант  диабетін  емдейтін  зат  алынатынын  дәлелдеді.  Осыған байланысты  нашаның  нағыз  ошағы саналатын  Шу өңірінің  өнімін  сатып,   миллион  доллар көлемінде Испаниядан  инвестиция тарту  көзделіп  отыр.    Испаниялық  «Xeloria» компаниясының   нашаны өңдеуге  лицензиясы  бар  көрінеді. Бірақ   қурайды  жинауға  әлі ресми  рұқсат ала  алмапты.  Жергілікті  кәсіпкер  әрі ғалым   Марат  Құлмановтың  айтуынша,    қазір   Шу  қаласында  құны  80 миллион  долларлық  зауыт  салынуда.  Нашаны   өңдеуге  байланысты  керемет  жобалар  жасалынып   жатыр.  Егер  жоспар  іске  асып  жатса,  Шу  өңірінде  мыңдаған  адамның  өмірін  аман  алып  қалатын шикізат  өндіретін  үлкен кәсіпорын  ашылмақ.   Сондай-ақ, бұл  жоба  жүзеге  асуы  үшін  еліміздегі кейбір  заңдарды  өзгерту  қажет.  Бір  айта  кететіні, қурай  шетелдерге  экспортталмайды.   Тек ТГК  өндіретін  боламыз.  Жеңіл  өнеркәсіп  те  дамиды. Жеңіл  өнеркәсіп  демекші,  нашадан  дәрі-дәрмек қана  емес,  кендір  жіп, текстильді  материалдар, джинса, косметикалық  заттар  алуға  болады.  Осы  жағынан келгенде де, нашаны  оң мақсатқа  жаратуға  болады. Расында,  бұл  кәсіптің шығыны  аз  болмақ. Себебі  ешқандай егін  алқабы  да, жұмыс  қолы  да  қажет  емес.  Бел   ауыртып  еңбектенгісі келмейтін  қазақ  үшін  іздегенге – сұраған. Бейресми  деректерге  қарағанда,  осыдан 5-6 жыл  бұрын  шетелдік  инвестициялық  компания  нашадан  дәрі  өндіреміз  деген  желеумен,  шөпті   тонналап  жинап  алып  тайып  тұрған.   Ол кезде  қала  маңына  500 шаршы метр  зауыттың  дуалы  салынып,  аяқсыз қалған. Айта  кетер  тағы  бір  жайт,  Испанияда  марихуана    секілді  наркотиктің  жеңіл  түрлерін  тұтынуға рұқсат  берілген.  Үй жағдайында  өсіруге,  дәрігердің  нұсқауымен  немесе арнайы  клубтарда көңіл  көтеру  үшін   қолдануға болады. Әсіресе,  соңғы  жылдардағы кризистің  әсерінен нашаны қолдану туралы  заңдар жеңілдетіліп, клубтарды  заңдастыру  жағы  қарастырылған.  Ал  заңды  наша клубтарында бұл заттың  жаңа  ассортименттері  қажет  болатыны  тағы  анық. Біздің қазақ енді Шудан өңделмеген шөп сатып, Испаниядан өңделген марихуана тасып жүрмесе болғаны…

Жания  Әбдібек "Қамшы"  сілтейді
Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір