• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 22:13:12
Алматы
+35°

18 Ақпан, 2013 Ұлы көш

Көші-қон комитетін қайсы қандасымыз басқарады?

Көші-қон тоқтады. Қат-қабат әкімшілік кедергілер мен қағазбастылық Атажұртына оралған ағайындардың қатарын азайтып отыр. Тіпті екі жылдан бері  әр  оралманға...

Көші-қон тоқтады. Қат-қабат әкімшілік кедергілер мен қағазбастылық Атажұртына оралған ағайындардың қатарын азайтып отыр. Тіпті екі жылдан бері  әр  оралманға берілетін 1000 доллар көлеміндегі жәрдемақы да алынып тасталды. Бір қуантарлығы, қазақ баспасөзі Көші-қон мәселесін ұдайы назарда ұастады. Өткен жылы 3 желтоқсанда «abai.kz» порталының ұйымдастыруымен Алматыда өткен қазақ зиялыларының форумы «Қазақ көшіне» арналғаны соның бір айғағы. Бұл форум нәтижесіз болған жоқ. Көші-қон құзіреті тегеуріні қатты Ішкі істер министрлігінен  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтті. Соның арқасында Көші-қон комитеті құрылатын болды. Бірақ ол комитеттің тізгінін кім ұстайды? Атқаратын жұмыстары қайсы? Не үшін құрылды? Мұндай сұрақтарға әлі жауап берілген жоқ. Шын мәнінде тәуелсіздіктің 20 жылында елге оралған 1 миллион қандасымыздың арасынан комитет төрағасы түгіл дептутат та, министр де табылатын еді... Өйткені сырт көз сыншы. Білімі де білігі де жететін азаматтар толып жүр арамызда. Басқа мәнсапты айтпай-ақ қоялық, осы Көші-қон комитетін басқаруға ағайындардың ішінен кімдерді атайсыз?

Рахым Айып

Қайрат Бодаухан

Жәди Шәкен

Мұртаза Бұлтай

Есенгүл Кәп

Ауыт Мұқибек

Ботакөз Уатқан

Еренғайып Қуатай

Алмас Ахметбек

Сабыржан Мұхаметхан

Жеңіс Түркия

Айбын Әубәкір сынды кәсіпкерлерді атаймыз ба, әлде, Қанат Ислам мен Бақыт Сәрсекбаевтің біреуі лайық па? Сіз не дейсіз?

Abai.kz

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір