• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 21:03:01
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2015 NEWS

Ұлттық идеологияның ядросы немесе қазақ қоғамы жауап іздеп жүрген бір сұрақ

Ұлттық идеология ойдағы бірліктен басталады. Осы күндері идеология керек деумен жүрміз. Сан түрлі мақалалар жазылып та жатыр. Айтылып та жатыр. Аталған...

Ұлттық идеология ойдағы бірліктен басталады. Осы күндері идеология керек деумен жүрміз. Сан түрлі мақалалар жазылып та жатыр. Айтылып та жатыр. Аталған мақалалар мен айтылған сөздерде  идеологияның ядросы мен оның негізгі табиғаты қозғалмай жалпы сипаттамасымен келеді. «Неге билік жасамайды ортақ идеология? Зиялылар не істеп жүр? Жастарымыз неге жат ағымның құрбаны? Орыс тілді қазақ пен қазақ тілді қазақтың талқылайтын тақырыптары мен олардың мәселіні қабылдауы неге екі түрлі?» міне  осы аталған сұрақтар идеология тақырыбына жатады. Қоғам болып сұрақ қойсақ та, қоғам болып жауап іздеп жатқан жоқ сияқтымыз. Отандық саясаттану ғылымында мынадай бір парадокс бар  екен. Ең көп зерттелген тақырып қауіпсіздік бойынша болса да, тұшымды жаңалық пен теория пайда болмаған тақырыпқа жатады екен. Сол сияқты идеологиямызда көп айтылсада, нәтижесі мардымыз, ғылымдағы парадокс болып тұр. Жоғарыда айтқандай идеология туралы айтылған сөзбен, жазылған мақала мен монографиялар жетіп артылады.  Бірақ осылардың ешқайысы идеологияның негізгі өзегіне мән берместен әркім өзінің ойына келгенді айтып, сананы сан саққа жүгірітіп ортақ ой мен пікірге келе алмай жүрген жайы бар. Бізде идеологтар, саясаттанушы және философтардың ойына мән берсеңіз «идеологияны ойдан жасап халыққа ұсынуға болады» деген қате түсінікті де кездестіруге  болады. Осы күнгі идеология  мен идеялық бірлік мәселесіне қатысты жобалар сарыны мен жасалу сипаты бір. Барлығы коммунистік идеологияның әдісінен бастау алады. Кезінде коммунистер «интернационалист» деген ұран  салса, біз «толеранттылық» деген сияқты. Осының жасаушылар коммунисттік идеолгияның әдіснамасын басына сіңіріп өсірген аға буын зерттеушілер. Идеялық бірлік тақырыбындағы бағдарлама, құраттар ең алдымен теориялық деңгейде жасалып,   айтар ойы былай келеді: «Идеология ол тез арада қол жететін нәрсе болмауы керек, ол сағым сияқты болуы керек» дейді.  Кезінде коммунистер «біз коммунизмге көз жететін сағымда қол жеткіземіз» деді. Енді сұрақ, адам шын өмірде сағымға жете ме? Әрине жоқ. Осы коммунистік әдіснамамен бүгінгі таңда идеялық бірлік тақырыптары жасалып жатыр. Бұл жобалар практикалық тұрғыда өмірі іске аспайтын жобалар болып қала береді, асса да асуы тек халыққа зиянын тигізумен әсері болады. Содан келіп "Қоғамда неге идеология жоқ?" деген сұрақтар күн тәртібінен түспейді. Идеология - идеядан тұрады. Идея іске асқанда ғана идеологияға айналады. Идеяны қазақшаласаң "ой" дегенге саяды. Енді біздің қоғамда ортақ идеяда ма? Оны нақты дөп басып айту қиын. Ортақ ой дегеніміз оның бойында ұлт үшін, ел үшін қажетті идеялармен қамтамасыз етілген идеялардың компоненті.

  • Қазақ Елінің басты арманы не?
  • Қазақтың негізгі болмысы қандай?
  • Ұлттық психологиясы қандай?
  • Өмірге деген көзқарасы қандай ұлт ретінде?
  • Өмірді қабылдаудағы танымы қандай?
  • Ұлттық мүддесі не?

Осындай  сұрақтарды қарастырады.

Жоғарыдағы қазақ жастарының жат ағымға кетуі, екі қазақтың бір уақыт кеңістігінде тұрып, бір мәселені екі түрлі түсінуі... Осы мәселелерге шешім іздесек.

Идеогияның негізі ортақ ой қазанын қалыптастырудан басталады. Ортақ ой қазанын қалыптастыру бір оқымыстының ойы мен қиялынан тұрмайды. Халықтың сан ғасырлық бойына жинаған өмірге деген таным түсінігінен туындайды.  Ортақ ой қазаны деген тақырыпты сәл басқа қырынан алып қарасақ. Кезінде Кеңес үкіметі К.Маркс пен Ленинның кітаптарын ел болып оқуды басты назарда неге ұстады? Себебі осы кітаптар коммунистердің құрып жатқан мемлекетінен негізгі ой қазаны еді. Олардың идеясы керемет болмаса да қоғам болып оқығаннан кейін «көп өтірік бірігіп бір шындыққа айналады» деген принцип аясында жүрді. Ақылы, таным-түсінігі барлар мұны ажырата білді, танымы төмендер коммунистердің құр қиялын ақиқат санады. Советтер Одағы осы арқылы жетпіс жыл мемлекет құрды. Елдегі жат ағым құрбандары да осындай жағдайда, олардың өзі бас аяғы санаулы кітаптары болады. Сол кітаптарды тіпті жаттап алады. Іші толған догма. Көп догма қосылып шындыққа айналған болады. Басқамен салыстырып оқымағаннан кейін оны өздері ақиқат деп түсінеді. Оқыған кітаптары оларға қоғамға, дүниеге деген көз қарасты қалыптастырып береді. Қоғамға қөп догмаға негізделген шаблондармен қарайды. Ұстанымдарына дәлірек айтқанда шаблондарына сай келмесе, қоғамды қаралай бастайды.  Орыс тілді қазақ пен қазақ тілді қазақтың аудиторияларындағы тақырыптар бір-біріне сай келмейтініне осыдан келіп шығады. Орыс тілді қазақ дүниеге орыс көзқарасымен қараған болады. Сол көзқарасымен қазаққа қараса «бұл халық әліде артта қалған»  деген оймен жүреді. Қазақ тілді қазақ дүниеге қазақы көзқараспен қарап, айналасындағы орыс тілді қазаққа қарап, «оларда ұлттық рухы төмен» деген оймен жүреді. Біздің елдегі екі философты бір тақырыпта сөйлетсеңіз, екеуі екі түрлі сөйлеуі анық. Себебі, біреуі батыс философиясы Гегель, Конттың ой қазанынан нәрланған, екіншісі Абай мен Шәкарымнан нәр алған. Осындай жағдайда ұлттық идеология қалай дүниеге келеді. Біз ең алдымен әрбір қазақ оқуға тиіс деген жиырма кітаптың тізімін жасаумыз керек. Әр қазақ сол жиырма кітапты оқуын қоғамдық деңгейде бастама жасу керек. Ортақ ойға келу деп осыны айтады.

Ол жиырма кітапқа мынадай кітаптардан басталу керек деген ойдамыз. Абайдың екі томдық кітабы, Мәшһүр-Жүсіптің кітаптарынан екі томын таңдамалар жиынтығы, Шәкәрімның кітаптары, Алаш ардақтыларынын кітаптары мен мақалаларынан таңдамалар. Осылай біз ортақ ой қазанын құрасақ төмендігідей идология формасы шығады:

Untitled

Осылай біз ұлттық идеологияның қалыптастырушы ядросын анықтап алған болар едік. Неге мұны айтып  отырмын, мәселен жапондарда отбасы болып ойнайтын бір ойын бар екен. Ол ойынды ойнау үшін жапон халқының жүз томдық жырларын оқыған болуың керексің, ойын желісі сол жырларға қатысты. Ол ойынды сол әулеттің үлкен атасы, орта жастағы буын және жоғары сыныпта оқитын немересі барлығы ойнайды екен. Жоғарғы, орта, жас буын барлығы бір жерден нәр алған, олардың барлығының арман-мұраттары бір болады. Себебі ойдағы бірлігі бар. Біздің қоғамда дәл қазір жүз кітап деуге қалыптасқан танымдық деңгейі жетпейді. «Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деген ойдағы ел  басқарып отырған азаматтардың деңгейін «жүз кітап оқиық» деген өреге жеткізу асыра сілтеу болатын сияқты.

Қонаққа барғанда барған үйдін бір нәрсесіне баса мән  беремін. Ол сол үйдің сөресінде қанша кітап бар екен және олар қандай кітаптар. Шынында көп үйден кітап көрмейміз. Ал көргендерімнің басым бөлігі кітаптар ата бабасын мақтаған, рушылдықты астарлы нәсихаттайтын ортанқол кітаптар. Әр үйде жаңағы біз айтқан жиырма кітап тұрса, оны оқып сусындап өскен ұрпақ рушыл емес ұлтқа қызмет етуші болып өскен болар еді. Қоғам болып,  зиялыдан қатардағы жұмысшыға дейін осы жиырма кітапты алдымен анықтап, одан кейін барлығымыз оқитын болсақ. Ойдағы бірлікке сөзсіз қол жеткізетін болатын едік.

Жат ағымға кеткендер мәселесі де осымен шешілуіне негіз болар еді. Абай, Шәкәрім, Мәшһү-Жүсіпті оқығанның ақидасы (сенімі) мен фиһқдағы иммунитеті қалыптасып, кім қөрінгеннің жетегінде кетпеген болар еді. Орыс тілді мектептерде орыс әдебиетінің алып тастап орнына қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетін енгізу бастамасы өте дұрыс. «Әдебиет -халықтың санасы, рухани өмірінің бояуы мен жемісі» дейді.  Орыс мектебі болсын, орыс тілін жетік меңгерсін. Оған ешкім дұрыс емес демейді, бірақ дүниені  қазақы танымда тануы керек. Ортақ ой қазаны ол идея мен идеологияның негізгі ядросы болып табылады. Осыны іске асыра білсек, қазіргі таңдағы бес жүз мың азаматымыз шетелден үй алып, болашағын сол жақпен байланыстырмаған болар еді. Шетелде оқыған студентіміз сол жақтан қалмастан осы «Қазақ Елі үшін еңбек етемін» деп елге келген болар еді. Қандастарымыз жат ағымның құрбаны болмай, «әр кімдікі өзіне» деген ұстанымды ұстанған болар еді. «Менің арманым мен болашағым Қазақ Елімен бірге, одан бөлек жарып қарай алмаймын» деген Елшіл азамат пен ұрпақтың бет бейнесі қалыптасқан болар еді. Біз жиырма кітапты барша қазақ болып анықтап оны ортақ ой қазаны етсек. Біздің ұлттық идеологиямыздың негізгі ұстындарын шығарған болар еді. Идеология мен идеялық бірлік біреудің қалтасынан шығаратын нәрсе емес, осыны идеология саласын ту етіп ұстаған азаматтар мен қоғам болып түсінсек жөн болар еді.

Жоғарыдағы :

  • Қазақ Елінің басты арманы не?
  • Қазақтың негізгі болмысы қандай?
  • Ұлттық психологиясы қандай?
  • Өмірге деген көзқарасы қандай ұлт ретінде?
  • Өмірді қабылдаудағы танымы қандай?

Аталған кітаптарды миллиондаған тиражбен шығарып, миллиондаған оқырырман болып оқығанда ғана жауап берген болар едік. Бұлай жасамасақ «аспанға қараймын, жұлдызды санаймын» деп сенделіп жүре береріміз айдан анық. Ұлттық идеология мемлекет құрушы ұлтың өзінен бастау алу керек. Ал қазақ еліндегі басқа эностарға қатысты басқа жолы мақалада жаза жатармыз.

Руслан Ахмағанбетов, саясаттанушы

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір