• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 14:12:45
Алматы
+12°

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс тәртібіне көшті, деп хабарлайды Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.

ХҚО-ның ең тәжірибелі және арнайы оқудан өткен 1800-ден астам қызметкері 1414 байланыс орталығының кеңес берушілерімен бірге азаматтарға мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде алу бойынша көмек көрсететін болады.

Байланыс орталықтары дүйсенбіден сенбіге дейін таңғы 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Қоңырау шалу тегін.

Бұл ретте, 21 наурызға дейін өтініш беріп үлгерген азаматтар қызметтердің дайын нәтижесін (автоХҚО қызметтерімен бірге) өзі өтініш берген ХҚО-ның құжат беру секторынан алып кете алады.

Дайын құжаттарды беру терезелерінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма 9.00-ден 17.00-ге дейін, сенбі сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: цон

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір