• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:23:45
+35°
Зейнет демалысындағы саясаткер, мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағамбетовтың Қазақ әдебиеті газетінде белгілі журналист Нұртілеу Иманғалиұлымен болған сұхбаты шықты. Тасмағамбетов зейнет демалысының қалай өтіп жатқанын айтып, руханият жайлы ойларымен бөліскен.

Иманғали Тасмағамбетов зейнет демалысында шығармашылықпен шұғылдануға көбірек ден қойып жүргенін айтты.

– Ел қатарлы өмір сүріп жатыр­мыз. Мынау айтып келмеген індет басталғалы үйден алыстамауға тырысамын. Оның да бұрын аса мән бермеген қызығы көп екен. Ең бастысы – шығармашылық ойға, бұрын қол тие бермейтін сүйікті ісіңе уақыт жетеді.

Зейнет демалысы деп отырсыз ғой… Мен үшін бұл "күтпеген сый" болды деп айтпаймын. Жеті рет өлшеп, бір рет кескен келелі шешімім. Өз қалауым.

Ашығын айтқанда, бұл өмірде "құлақсыз сан­дық" секілді тиімсіз болуға арланамын. Сол үшін де, қайнаған істің жолына емес, лауазым-қызметтің қолына қарап отыратындардың қатарынан емеспін, – деді ол.

Сондай-ақ ол қазақ тілінің мәртебесі туралы сөз қозғады.

– Қазақ тілі өзінің ауызша және жазбаша бірізділігі бар әлемдегі жоғары дамыған 600 тілдің қатарында, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие 200 тілдің қатарында екен. Кез келген тілдің әлеуеті оның сөздік қоры байлығымен өлшенеді. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішінде өте бай тіл. Бұл қазақ тілі – ғылым мен технологияның тілі емес дейтіндерге жауап.

Дегенмен, адамзат тарихында талай халықтың тілі жойылып кеткенін білеміз. Оның басты себебі – қолданыстан шығуы. Өкінішті-ақ бірақ тіл мәселесі біз үшін өзінің өзектілігін әлі жойған жоқ. Тәуелсіздігіне 30 жыл болған ел үшін бұл өте ұят. 2001 жылы осы Тәуелсіздіктің 10 жылдығын ат­ап өтетін болып, мемлекеттік комиссияның төрағасы болдым. Сол кезде 5 облысты таңдап тұрып, хат жаздым. Барлығына бір ғана – "іс-қағазды толығымен қазақ тіліне көшіріңдер" деген талап қойдым. Одан бері 20 жыл уақыт өтті. Білуімше, Қызылорда мен қазіргі Түркістан облысынан басқасында нәтиже жоқ.

Мәселе іс-қағазда ғана емес. Жанашырлық ең бірінші биліктен бастау алу керек. Мәселе сонда. Билік қай тілде сөйлесе – халық та сол тілде сөйлейді, – деді Иманғали Тасмағамбетов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір