• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:09:15
Алматы
+35°

SpaceX компаниясының бас директоры Илон Маск Марстағы кез келген болашақ экономика криптовалютаға негізделген болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Интернет-төлемдер алыбы PayPal-дің негізін қалаушылардың бірі болып табылатын технологиялық миллиардер Марсқа адамдарды 2024 жылдың басында жіберуге үміттенеді. Оның түпкі мақсаты – "Марста өзін-өзі қамтамасыз ететін қаланы" тезірек құру. 

Интернеттегі интеллектуалды зерттеуші Лекс Фридманның Twitter жазбасына жауап бере отырып, Маск "Марс экономикасы крипто-валютамен жұмыс істейді" деді. Бұл жаңалықтан кейін "Марс валютасы ретінде dogecoin криптовалютасы немесе шеткі Marscoin криптовалютасы болуы мүмкін" деген болжам жасалды.

Marscoin жобасы 2014 жылы құрылған және 2017 жылдың соңында криптовалюта нарығындағы қымбаттау кезінде қысқа уақыт ішінде танымал болды.

Dogecoin да Марс валютасы үшін ықтимал үміткер болуы мүмкін, өйткені ол салыстырмалы түрде танымал болып келеді және Bitcoin сияқты орталықтандырылмаған атрибуттардың көпшілігімен бөліседі.

Өткен аптада Маск Twitter-дегі биосын "Dogecoin-тің бұрынғы бас директоры" етіп өзгертіп, Twitter-де "Бір сөз: Doge" деп жазғаннан кейін dogecoin бағасы үштен бір есе қымбаттап кетті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Илон Маск Марс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір