• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 14:44:03
Алматы
+35°

14 Ақпан, 2024 Әлеумет

Тіл аралық шала қазақ тілі туралы жалпы түсінік

Қазір айтылып жүрген шала қазақ тілі-өзбек тілі мен қазақ тілінің арасынан пайда болған тіл аралық бұзылған тіл.

Ашық дереккөзден алынды

   Қазір айтылып жүрген шала қазақ тілі-өзбек тілі мен қазақ тілінің арасынан пайда болған тіл аралық бұзылған тіл. Өзбекстанда және өзбекстанның құрамындағы Қарақалпақстанда тұратын қазақтардың ана тілін ұмытып, өзбек тіліне қарай бейімделіп өте бастаған тіл аралық өтпелі кезеңінің тілі. Сөздерінің құрамы бұзылған сөздерден тұрады. Олар негізінен алты топқа бөлінеді. («Қазақ тілінің қадірін кетірмейік!» атты мақалалар жинағын қараңыз). Қазақша сөздерді бұзып айтуларының бір себебі, тілдерінен қазақ тілінің дыбыс үндестігі жойылып, оның орынына өзбек тілінің дыбыс үндестігі қалыптасқан. Осыған байланысты кейбір қазақша дыбыстар тілдерінен өшкен. Мысалы: Ң-дыбысы. (Келесын, жүресын, құлайсын. Дұрысы: Келесің, жүресің, құлайсың) Өзбекше сөздерді бұзып айтуларының себебі, өзбек тіліне әлі толық көшіп үлгермеген. Қазақ тіліндегі етістік сөздердің орынына атыр, атқан деп өзбекше сөздерді бұрмалап қолданады. Мысалы: Келадур (өзб-е) – келатыр (шала қаз-а). Бораётган (өзбекше)-баратқан (шала қазақша). Қазақ тіліндегі күрделі етістік сөздер, бұлардың тілдерінде өзбек тіліндегідей дара етістіктер түрінде айтыла береді. Мысалы: Бараптық, келаптық. Дұрысы: Бара жатырмыз, келе жатырмыз. Қабдеш Жұмаділ ағамыз өзінің Дарабоз атты кітабында, өзбек жерінде тұратын қазақтардың тілдерінің бұзылып кеткенін Қабанбай батырдың аузынан айтқызғанына қарағанда, бұл шала тіл, өзбектеніп кеткен қазақтардың алдыңғы толқындарынан қалып, содан бері жалғасып келе жатқан тіл. («Сөз саптауларынан да өзбек тілінің мәнері байқалады, бірақ басқа жұртқа әлі толық айналып үлгермеген. Не ары емес, не бері емес,шөре-шөре жұрт дегеніміз осы болды-ау шамасы». Қабдеш Жұмаділ. Дарабоз кітабының 1-ші бөлімі.312-бет).

Кеңес өкіметі құлағаннан кейін өзбекстандық қазақтардың біраз бөлігі елге қайтып оралған. Сол кезде жергілікті тіл мамандары тарапынан (шала қаз-а: Тілшілер) бұлардың тілдеріне назар аударылмағандықтан, шала тілдік сөздерге тоқтау салынбай, шала қазақ тілінің қазақстанның барлық аймағына таралып, қазақ тілінің өзіне тән (шала қаз-а: Өзіндік) дыбыс үндестігінің жойылуына жол берілген. Қазақ жерінде тіл тазалығын сақтап қалу мәселесі көтерілмеген. Жекелеген адамдардың айтқан сөздері мен жазған мақалалары болмаса, тіл тазалығы ғылымдық тұрғыда (шала қазақша: Ғылыми) қолға алынбаған. Керісінше (шала қазақша: Сәйкесінше) ұлттық тіл мекемесінің өзінен, көп томдық шала тілдік сөздіктер, әр мезгілде көп данамен шығарылып, таратылып отырған. Шала қазақтардың айтып жүрген сөздері (диәлекті сөздер деп) оқулық кітаптарға енгізілген. (Жұмыртқа ( қазақша) – тұқым (шала қазақша), нанның ұсағы-уалшық , қыратта-қынарда, кішкентай жыра, жырахана,шаңырақ (үй) – құттыхана, жататын бөлме – жатын бөлме, сабақтың нәтижесі – нәтиже сабақ, көңіл – кеуіл т.б.) Тіпті балалар деген сөзді «балдар» деп айтатын шала тілді адамдардың оқу орындарында ұстаздық етіп, балаларға тіл үйреткеннің орынына, олардың тілдерін өздері бұзып жүргеніне таң қалмасқа шараң жоқ. Осы арада тағы бір түсіндіре кететін нәрсе, бұған дейін (Кеңес өкіметі құлағанға дейін) орыс тілі мен қазақ тілінің арасында тіл аралық шала тіл қалай қалыптаспаған. Өзбектеніп кеткен қазақтар секілді орыстанып кеткен қазақтар да болды ғой. 

Еркін Омар

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір