• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Мамыр, 03:57:44
Алматы
+35°

27 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Ермұрат Бапи: «Ел мен қоғамның өміріне жылымық кіре бастағанын неге мойындамаймыз?

Қазіргі таңда халық үшін Қазақстанның саяси өмірінде, экнонмикасында алға жылжу, ілгерілеу жоқ. Яғни, бәрі бір орында тұрып қалған секілді. Тек жиын, жиналыс. Шынында да солай ма?

photo: The Qazaq times

Бұл сұрақты мәжіліс депутаты Ермұрат Бапиға қойып көріп едік. Алайда ол бұл пікірмен келіспейтіндігін айтты.

Бұл пікіріңізге де қарсы уәж айтуға тура келеді. Бүгінде президент Тоқаевты және оның саясатын «тисе – терекке, тимесе – бұтаққа» деп оңды-солды сынап жатқан интернет ресурстар (Ютуб, Телеграм, Тик-ток, т.б.) бұдан екі-үш жыл бұрын бар ма еді?

Жоқ! Болғаны – «ДАТ» газеті сияқты бірен-саран БАҚ еді ғой. Яғни, «алға жылжу мен ілгерілеу» бар екенін көрсететін бір индекатор – сөз бостандығы осы емес пе? Осыдан кейін ел мен қоғамның өміріне жылымық кіре бастағанын неге мойындамаймыз?

Ал әлеуметтік саладағы президенттің бастамалары бірте-бірте жүзеге аса бастағаны өз алдына бөлек әңгіме. Әрине, әзірге «алға жылжудың» динамикасы шапшаң емес, баяу жүріп жатқаны жасырын емес. Әсіресе, қоғамдық-саяси сала өзгерістерге сараң болып тұр. Әліптің артын бағу, сылбырлық, кібіртік көп. Бірақ «сең қозғалды» ғой! Біз өзгерістердің бұл бастамасын өтпелі кезеңнің құндылығы ретінде қабылдай білуіміз керек, – дейді мәжіліс депутаты.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір