• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 16:37:04
Алматы
+35°

13 наурыз күні Алматы қаласы, Медеу ауданы №53 мектеп-гимназиясында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында “ХАЛЫҚ ДӘСТҮРІ-АСЫЛ ҚАЗЫНА” тақырыбындағы тәрбиелік іс-шара үш бөлімге бөлініп өткізілді.

Білім ордамызда ерекше қонақ, еліміздегі көптеген жақсы жаңалықтардың жаршысы «Алға Петербург!» арнасының негізін қалаушы, блогер  – Иван Червинский.

выф

Жоғары буын оқушылары мен ұстаздарының ұйымдастыруымен ұлттық мұраға ұқыпты қарау, ұлттық мәдениетті дәріптеу мақсатында "Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі"  тақырыбында бірінші бөлім көрсетіліп, халқымыздың биі мен күйі, айтыс өнері, қыздардың шаш өруінен көрініс тамашаланды.

вы

 5-7 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері "Туғанда дүние есігін ашады өлең..." тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Бұл іс- шарада халқымыздың  ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерін, атап айтсақ: сүйінші сұрау, ат қою , бата беру, жарапазан айту, бесікке салу, тұсау кесу дәстүрлері көрсетілді.

сы

Бастауыш сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен "Ұлттық салт-дәстүр-ұрпаққа мұра" атты тәрбие сағатын өткізді. Бұл іс-шараның ерекшелігі,  «Даналық» мектебінің өкілдері белсенділік танытуымен өрбіп, аталар ер балаларға ат әбзелдерін таныстырса, әжелер қыздармен ұршық иіру, ою ойып, кесте тігу  өнерлерінің қыр-сырымен бөлісті.

Өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні маңызды «Халық дәстүрі-асыл қазына» іс - шарасы  жоғары деңгейде өткізіліп, келген қонақтар оң ықыластарын білдірді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы қаласы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір