• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 17:02:04
Алматы
+35°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан ұлттық құрылтайда мемлекеттік Елтаңбаны өзгертуді ұсынды.

– Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер айтылып қалады. Оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жатады. Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек.

Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, – деді Тоқаев.

Президент мемлекеттік ту мен әнұранда мін жоқ екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: елтаңба

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір