• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 11:45:26
Алматы
+35°

Фото: Qamshy.kz

Үкімет отырысында "Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы талқыланды. Премьер-министр Олжас Бектенов халықтың ірі елдімекендерге көшіп жатқанын, халық тығыз орналасқан ауылдардың мәртебесін қайта қарау керектігін айтты.

Осы орайда, қалаға айналуы мүмкін елдімекендердің қатарында Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарындағы аудан, ауылдар бар:

  • Қарғалы ауылы (Алматы облысы)
  • Өтеген батыр ауылы (Алматы облысы)
  • Боралдай ауылы (Алматы облысы) 
  • Сарыкемер ауылы (Жамбыл облысы)
  • Қордай ауданы (Жамбыл облысы) 
  • Шиелі ауданы (Қызылорда облысы)
  • Жаңақорған ауданы (Қызылорда облысы) 
  • Әйтеке би ауылы Қызылорда облысы) 
  • Қызылтөбе ауылы (Маңғыстау облысы)
  • Атамекен ауылы (Маңғыстау облысы)
  • Басқұдық ауылы (Маңғыстау облысы)
  • Рахат ауылы (Маңғыстау облысы)
  • Бейнеу ауылы (Маңғыстау облысы)
  • Манкент ауылы (Түркістан облысы)
  • Ақсукент ауылы (Түркістан облысы)
  • Қарабұлақ ауылы (Түркістан облысы)

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ауылдық аумақтарды дамыту туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде елімізде 10 мыңнан аса тұрғыны бар 112 ауыл бар. Оның ішінде 18 елдімекенде 30 мыңнан аса адам тұрады. Мәслихаттардың шешімі бойынша оларға қала мәртебесі берілуі мүмкін. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ауыл елдімекен

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір