• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 12:53:00
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қазақстандық Олимпиада чемпионы 27 жасында өмірден өтті

Қазақтың еркін күрес балуаны, 2014 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Мұхамбет Қуатбек 27 жасында қайтыс болды.

Фото: bassport.kz

Қазақстандық БАҚ мәліметінше, Қуатбек Филадельфияда (АҚШ) тұрған. Өлімнің себебі әзірге белгісіз.

«Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Мұхамбет Қуатбек өмірден озды» деп жазады күреске арналған әлеуметтік желіде.

Ойын финалында Мұхамбет америкалық Датон Фиксті 7:6 есебімен ұтқан болатын. Ал 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. 2017 жылы Қуатбек өзбекстандық Жахонгирмирза Туробовтан жеңіліп, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ақпаратты Қазақстан күрес федерациясының әлеуметтік желілері растады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір