• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 12:50:55
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Енді онлайн несие биометриялық сәйкестендіруден кейін беріледі

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шағын несиелерді электронды түрде беру қағидаларына қаржылық қызметтерді көрсету қауіпсіздігін арттыруға тиіс түзетулер әзірледі.

фото: көрнекі сурет

Жоба микроқаржы ұйымы (МҚҰ) мен қарыз алушы арасында микрокредит беру туралы шарт жасасу, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу биометриялық сәйкестендіру арқылы жүзеге асырылатыны қарастырылған.

Сондай-ақ, клиентті жеке кабинетке тіркеген кезде оның ұялы телефонының нөміріне немесе банк шотының деректемелеріне өзгерістер енгізу үшін (терминалдар арқылы шағын несие беруді қоспағанда) азаматтан биометриялық деректер талап етіледі.

Бұл ретте клиентке банктік шоттың немесе төлем картасының меншік құқығын анықтау мүмкін болмаса, ақша аударылмайды.

Микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым сатып алынған тауарлар немесе орындалған жұмыстар, қызметтер үшін ақы төлеуді көздейтін шарт жасасқан заңды тұлғаның банктік шотына қарыз алушының өтініші бойынша микрокредитті аудару көзделген. қарыз алушы деректерді өңдеу орталығының қызметтерін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіруді пайдалана отырып немесе микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымның құрылғылары арқылы клиентті тіркеу кезінде алынған клиенттің биометриялық деректерін пайдалана отырып жүзеге асырылады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: микроқаржы несие

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір