• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 15:01:26
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2024 Барлық аймақтар

Қытай 10 жылдың ішінде Еуропаға 85 мың контейнерлік пойыз жіберген, оның 80%-ы Қазақстан арқылы өтті

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен келген еліміздің көлік саласына жауапты министрі Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының көлік-логистикалық инфрақұрылымымен танысты

Фото: АО "НК "Қазақстан темір жолы"

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады. 

Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Үрімші қаласының бірқатар көлік инфрақұрылымы нысанын, оның ішінде халықаралық құрғақ портты, экспресс жеткізу орталығын (Jitu Express), «Қытай-Еуропа» теміржол экспресс хабын және Шыңжаң сауда-логистикалық корпорациясының кеңсесін аралады.

Сонымен қатар, көлік министрлігінің басшысы «Қытай Халық Республикасы-Еуроодақ» бағыты бойынша «Тяньшань» мерейтойлық 150 контейнерлік пойызын жөнелту рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсімде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы жүзеге асырылып келе жатқан 10 жылдың ішінде (2013 жылдан бастап) Қытайдан батыс бағытта 85 мыңға жуық контейнерлік пойыз жөнелтілгені, оның 80%-ы Қазақстан арқылы өткені атап өтілді.

Жоғарыда аталған нысандарды аралау барысында тараптар логистика инфрақұрылымын ынталандыруға және жақсартуға бағытталған бірлескен инвестициялық жобаларды ұйымдастыру жоспарларын өзара келісті.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай контейнер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір