• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 22:02:44
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

"Бәріне орын табамыз": Игорь Лепеха отбасында күш көрсететіндердің бәрін қамауға орын жететінін айтты

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехаға “Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылданғаннан кейін ұсталған күш көрсетушілер саны артып кете ме, оған министрлік дайын ба?” деген сұрақ қойылды.

Фото: ашық дереккөзден

Парламент қабылдаған заң бойынша денсаулыққа жеңіл зиян келтіргендер қылмыстық жауапқа тартылады. Сонымен қатар енді зорлық көрсеткен адамды жәбірленуші полицияға арызданбаса да ұстауға болады.

"Табамыз. Көбейіп кетпейді. Біз оларды қазір де қамап жатырмыз. Бір ғана ерекшелігі бұрын әкімшілік заңнама аясында қамасақ, енді қылмыстық заң аясында тергеу изоляторында отырады. Біз осы санатты тергеу изоляторында ұстау мүмкіндігін қарастыру үшін арнайы заң тұрғысынан ерекшелік жасадық. Бәріне орын табамыз деп ойлаймыз", – деді Игорь Лепеха сенатта.

Заң мақұлданған кезде күтілетін нәтижелер: әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейту, балаларды сексуалдық зорлық-зомбылықтан қорғауды күшейту, өзін-өзі өлтіру және сексуалдық зорлық-зомбылық жағдайларын азайту, өмірде қиын жағдайларға тап болған отбасылар үшін жағдайды жақсарту, арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, неке және отбасы институтын нығайту.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір