• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 13:32:26
Алматы
+35°

11 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Білім саласында 206 қылмыстық іс тіркелген

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров білім саласындағы жемқорлыққа қатысты түсініктеме берді

Көрнекі сурет

Спикердің сөзіне сүйенсек, білім беру саласында 2023 жылдан биылғы жылдың бірінші тоқсанына дейін еңбекақы қорындағы қаражатты ұрлауға қатысты бірқатар тұрақты қылмыстық іс-әрекет әшкереленген.

«Есепшілер мектептегі бухгалтерлік есеп жүйесі, ұлттық білім беру деректер базасы және тұтынушылардың қазына жүйесі арасындағы интеграцияның жоқтығын пайдаланып, төлем құжаттарына қолмен түзетулер енгізіп, бюджет ақшасын жымқырған. Ұрлық мақсатындағы қаражат жыл сайынғы бюджеттік өтінімдерді жасау кезінде де кепілге қойылған», – деді спикер брифинг барысында.

Данияр Биғайдаров бұл ұрлық схемасы арқылы олар белгіленген нормадан асатын жалақыны бөгде тұлғалар мен қайтыс болған жандарға аударғанын хабарлады. Осыған байланысты мемлекет қазынасына 15 айда 14 миллиард теңге залал келтірген.

«Агенттік білім беру саласында осындай 206 қылмыстық істі тіркеді. Бұл бойынша келтірілген залал 14 млрд теңгеден асады. Жалпы, ұрлықтың ең көп мөлшері Түркістан, Жетісу, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында және Алматы қаласында тіркелген. Ұрлық фактілері әлі де анықталуда.

Мәселен, «Жақында ғана Жетісу өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сарқан аудандық білім басқармасының бюджеттік бөлімі басшысының заңсыз әрекетін тоқтатты. Ол осы бөлімнің есепшілерінің шотына артық белгіленген жалақыны заңсыз аудару жолымен аса ірі мөлшерде 1 млрд теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді», — деп жалғастырды ол.

Антикордың хабарлауынша, тергеу амалдары барысында 156 миллион теңге көлеміндегі қаражат анықталып, тәркіленген. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Бұл іс бойынша тергеу жалғасуда.

«4 сәуірде Жаңақорған соты аудандық білім бөлімінің басшысы Ибрагимовке, ММ бас есепшісі Аязбаеваға және 24 мектеп есепшісіне қатысты шығарған үкімі заңды күшіне еніп, олар ерекше тәртіпте бюджет қаражатын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды. Олар жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асатын ірі көлемдегі қаражат жымқырған.

Сот үкіміне сәйкес, басшы мен аталған мекеменің есепшілері 8 жылға, тағы бір есепші 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл ретте сотталғандар мемлекеттік қызметте және басқа да ұйымдарда қызмет ету құқығынан өмір бойына айырылды», - деп түйіндеді Данияр Биғайдаров.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: құқығы сот үкімі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір