• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Сәуір, 16:15:23
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Мәсімов мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін - Ислам Әбіш

Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетін басқарған Ислам Әбіш Кәрім Мәсімовтің сотталуына қатысты пікір білдірді.

Фото: ашық дереккөзден

«Жалпы жүйе қатты өзгерген жоқ деп ойлаймын. Мәсімовтің айналасындағы адамдар тиісті органдарда отырған секілді. Мәсімов ұсталған кезде таңғалған жоқпын. Ол туралы алдын ала білетінмін. Өзінің отанын қарызға батырған адам. Премьер-министр болып отырады, «ойбай 2030 жылы жылы сусыз қаламыз» деп улатып-шулатып, үлкен қаржы бөліп, Қазақстанды белшесінен қарызға батырады.

Мен сол кезде бұл экономикалық диверсия екенін айтқанмын. Өте үлкен сатқындық сол кезде басталған. Сондай болатынын (Мәсімов ұсталатынын) сезгенмін. Себебі Алла тағала бәрін көріп отыр», -  Ислам Әбіш дей отырып, оның түрмеде отырғанына күмәнданатындар барын айтады.

«Жағдайы жасалғанына (түрмеде) күмәнданбаймын. Біраз уақыттан кейін мерзімінен бұрын шығып кетуі мүмкін. Оған да күмәнданбаймын. Ақшамен немесе саяси жолмен», - дейді Ислам Әбіш «Білген дұрыс» YouTube арнасына берген сұхбатында.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір