• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

01 Мамыр, 00:27:36
Алматы
+35°

Елімізде жұмысқа орналасу немесе оқу орнына қабылдау кезінде құжаттарды түпнұсқада ұсыну туралы талап алынып тасталды. Сонымен қатар, енді әскери билеттерді де электронды түрде алуға болады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

"Енді жұмыс беруші азаматтың әскери қызметке қатынасы туралы мәліметтерді egov.kz электронды үкімет ресурсын пайдалана отырып, автоматты түрде алады. Заңнама бойынша заңды тұлғалар азаматтардың әскери қызметіне қатысы туралы деректерді тіркеуге міндетті. Сондықтан кадр қызметтері бұрын әскери есепке алу құжаттарын (әскери билеттер, тіркеу туралы куәлік, әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама және т.б.) талап еткен", – делінген ресми хабарламада. 

Жеке ұйымдар "Е-Еңбек" ақпараттық жүйесі арқылы, ал мемлекеттік мекемелер "Е-Қызмет" ресурсы арқылы қызметкерлердің есебін жүргізетін болады.

Еске сал кетейік, әскери билет Қарулы күштер мен әскери құралымдарда еңбек еткен адамдарға беріледі.  

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: циврландыру

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір