• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Мамыр, 19:47:45
Алматы
+35°

30 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Қытайдан Қазақстанға тағы бір туристік пойыз қатынайды

Қазақстан мен Қытай арасында тағы бір жолаушылар пойызы жүреді. Бұл туралы деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

фото: ашық дереккөзден

«Қазақстан Теміржолы» компаниясының хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» басшылары және Сиань қаласы үкіметінің делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Туристік пойыздың жүруі «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн болады. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, мәдени шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесетін болады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір